Жүйеге кіру
ЕАЭО-ның ортақ газ нарығында газ тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге тариф белгілеу мәселесіЖЕЭК деңгейінде шешілетін болады

ЕАЭО-ның ортақ газ нарығында газ тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге тариф белгілеу мәселесіЖЕЭК деңгейінде шешілетін болады

23.04.2020

23 сәуірде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің бейнеконференция форматында өткен кезектен тыс отырысындаЕуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары жобасының соңғы келісілмегенмәселелері қаралды. Үкіметаралық кеңес үш мәселе бойынша ЕЭК Кеңесімүшелері 20 және 22 сәуірде тұжырымдаған тиянақтамаларды қабылдады.Қалған мәселе - ЕАЭО-ның ортақ газ нарығында газ тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге тариф белгілеу мәселесі Одақ мемлекеттері басшылары деңгейінде шешілетін болады.

«Тараптардың үш мәселе бойынша позициялары келісілді -өте даулы, қиын болды, бірақ консенсус табылды. Біріншісі- халықаралық автомобиль тасымалдарын ырықтандыру. Екіншісі- экономикалық дамуға нысаналы жәрдемдесудің икемді механизмдерін тұжырымдау. Мәселелердің үшінші тобы -денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы. Одақтың ортақ газ нарығында газ тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге тариф белгілеу мәселесі бойынша бірнеше рет қарапталқылау өткізілді. Өкінішке қарай, келісілген тиянақтама тұжырымдалған жоқ»,- деп атап өтті ЕЭК Алқасының ТөрағасыМихаил Мясникович.

 

Үкіметаралық кеңес мүшелерібұл мәселе бойынша өз позицияларын білдірді, осыдан кейін оны Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауына шығару ұйғарылды. Одақ мемлекеттерінің басшылары 19 мамырдағы кезекті отырыста Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын бекітеді деп жоспарлануда.


ЕҮК-тіңкелесі отырысын шілде айында Минскіде өткізу жоспарланды.