Жүйеге кіру
ЕЭК Министрі Тимур Сүлейменов: «Орын алған қиыншылықтарды еңсеру және жылдам дамуды қамтамасыз ету үшін біздің елдерімізге экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету бойынша шаралар қабылдау қажет»

ЕЭК Министрі Тимур Сүлейменов: «Орын алған қиыншылықтарды еңсеру және жылдам дамуды қамтамасыз ету үшін біздің елдерімізге экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету бойынша шаралар қабылдау қажет»

19.05.2016

17-18 мамырда Бангкокта (Тайланд Корольдігі) Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі) Тимур Сүлейменов Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ АзТМЭӘК) 72-сессиясында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріндегі қиындықтарды еңсеру жолдары туралы айтып берді.

Тимур Сүлейменов атап өткендей, ЕАЭО жетекші және перспективалы экономикалық орталықтармен сауда-экономикалық қатынастардың меншікті пулын қалыптастыратын халықаралық аренада толық құқылы субъектіге айналуда. «Іске асырылуы біздің елдеріміздің дамуына ықпал ететін ЕЭК және БҰҰ АзТМЭӘК арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға 2013 жылғы қарашада қол қою осыған байланысты маңызды мәнге ие, – деді ЕЭК Министрі. – Біздің өзара іс-қимылымыздың одан арғы перспективаларын талқылау мүмкіндігіміз бар бірлескен іс-шаралар өткізу, сөзсіз, өзекті болып табылады».

Тимур Сүлейменов, сондай-ақ ЕАЭО мемлекеттері тап болған бірқатар қиыншылықтар туралы атып берді. Оның айтуынша, қатысушы елдердің экономикалық дамуының басты проблемасы - олардың экономикасының шикізаттық сипатта болуы. Шикізат ресурстарына сыртқы сұраныстың төмендеуіне орай үшінші елдермен сауданың баяулауы экспортқа бағдарланған салалардың жай-күйіне теріс әсер етеді, Одақ мемлекеттерінің экономикалық және өнеркәсіптік өсу қарқынын төмендетуге себепші болады.

«Орын алған қиыншылықтарды еңсеру және жылдам дамуды қамтамасыз ету үшін біздің елдерімізге экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету, тауарлар мен қызметтер көрсетудің ортақ нарығын толық ауқымда қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау қажет, – деп атап өтті ЕЭК Министрі. – Ұзақ мерзімді инвестицияларды қаржыландыруды қамтамасыз ету, перспективалы бірлескен жобаларды іске асыру үшін жағдай жасау маңызды мәнге ие бола бастады. Осыған байланысты, Одақ мемлекеттерінің интеграциялық ынтымақтастығының басым бағыттарының бірі ортақ қаржы нарығын қалыптастыру болып табылады».

Бұдан басқа, Тимура Сүлейменовтің айтуы бойынша, «экономика білімін» дамыту, нарықтарды жаһандандыру, жоғары технологиялық тауарлар өндірісіндегі күшейіп келе жатқан бәсекелестік зияткерлік меншікті сақтау, қорғау және тиімді пайдалану саласында Одақ елдерінің интеграциялық ынтымақтастығын жандандыру қажеттігін негіздейтін шешуші факторларға айналды.

Осыған байланысты, Еуразиялық экономикалық комиссия ғылыми институттармен бірлесіп, Еуразиялық экономикалық одақта зияткерлік меншікті сақтау, қорғау және пайдалану стратегиясын әзірлеуде. Оның негізгі мақсаты ЕАЭО мемлекеттерінде ғылыми, өнертапқыштық және инновациялық қызметті жандандыру, Одақ елдері экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ЕАЭО зияткерлік меншіктің өркениетті нарығын қалыптастыру болып табылады.

Таиландқа жұмыс сапары шеңберінде ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Министрі Тимур Сүлейменов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары,  БҰҰ АзТМЭӘК Атқарушы хатшысы Шамшад Ахтар ханыммен кездесті. Кездесу барысында ЕЭК пен БҰҰ АзТМЭӘК арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективалары талқыланды.

Анықтама

БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссия (БҰҰ АзТМЭӘК) – БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі бес өңірлік комиссиясының бірі. БҰҰ жанынан қатысушы елдердің экономикалық ынтымақтастығын ынталандыру үшін 1947 жылы құрылған. 53 мүше мемлекетті және 9 қауымдасқан мүшені біріктіреді. Қамту алаңы бойынша да, өңір халқы бойынша да БҰҰ-ның ең ірі өңірлік комиссиясы болып табылады. БҰҰ АзТМЭӘК негізгі міндеті – экологиялық орнықты даму, сауда және адам құқықтары саласында жаһандану процесін басқару. Азияда және Тынық мұхитта экономикалық және әлеуметтік проблемалармен айналысады.