Жүйеге кіру
ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Министрі Хатшылығының басшысы Асқар Кішкембаев: «ЕАЭО елдерінің зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықтарды қорғау саласындағы ынтымақтастығы жаңа кезеңге шығуда»

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Министрі Хатшылығының басшысы Асқар Кішкембаев: «ЕАЭО елдерінің зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықтарды қорғау саласындағы ынтымақтастығы жаңа кезеңге шығуда»

20.05.2016

19 мамырда Санкт-Петербургте Еуразиялық экономикалық комиссия Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі) Хатшылығының басшысы Асқар Кішкембаев Петербург халықаралық заң форумы шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде зияткерлік меншікті реттеу жүйесін қалыптастыру туралы айтып берді.

«Зияткерлік меншіктің институционалдық ортасын дамыту» атты дөңгелек үстелде сөз сөйлей отырып, Асқар Кішкембаев Комиссия мен Тараптар үкіметтері ғылыми және инновациялық дамуды қолдау, зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру және пайдалану тетіктерін жетілдіру, зияткерлік меншік объектілерін тиімді қорғауды және сақтауды қамтамасыз ету мәселелеріне барған сайын көп назар аударып келеді, деп атап өтті.

ЕАЭО туралы шарт мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау және сақтау саласындағы ынтымақтастығын көздейді. Шартты дамыту үшін Одақтың тиісті нормативтік құқықтық базасын жасау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

«Мәселен, Комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп, Тауар белгілері, ЕАЭО тауарларының қызмет көрсету белгілері мен шығу орнының атаулары туралы шарт әзірледі, – деді Асқар Кішкембаев. – Қазіргі таңда, ол оған қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерден өтуде. Шарт Одақтың барлық елдері аумақтарында тауар белгілеріне бір мезгілде құқықтық қорғау алу мүмкіндігін береді».

Одақ шеңберіндегі зияткерлік меншік саласындағы тағы бір маңызды құжат, ЕЭК өкілінің айтуы бойынша, Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы келісім болып табылады. Құжат авторлық және аралас құқықтарды ұжымдық басқару бойынша ұйымдар қызметіне, оларды басқару тәсілдеріне, сондай-ақ оларды бақылау шектеріне арналған ұлттық нормаларды бірегейлендіреді. Келісім де мүше елдерге келісуге жолданды.

Сәуірде Еуразиялық үкіметаралық кеңес Зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықты сарқа пайдалану қағидаттарын одан әрі қолдану жөніндегі жұмыс тобы әзірлеген ұсынысты қабылдады. Одақ туралы шартта бекітілген тауар белгісіне айрықша құқықты сарқа пайдалану өңірлік қағидатын сақтау туралы шешім қабылданды. ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасы әзірленді және жақын арада ол мемлекетішілік келісуге жолдануы тиіс. Хаттама жобасы Еуразиялық үкіметаралық кеңеске жекелеген тауарлар Одақтың ішкі нарығында болмаған, саны жеткіліксіз, қымбат бағалар бойынша қолжетімді болған жағдайда, сондай-ақ мүше мемлекеттердің өзге де экономикалық мүдделерін негізге ала отырып, сарқа пайдалану құқығының өңірлік қағидатын қолданудан тауарлардың осындай түрлеріне қатысты ерекше құқық беруді көздейді.

Бұдан басқа, Жұмыс тобы тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты тауар белгісіне айрықша құқықты сарқа пайдалану қағидаттарын қолданудан ерекше құқықтың әрекет ету мерзімін белгілеу, мерзімін ұзарту және әрекет етуін мерзімін бұрын тоқтату тәртібі жобасын дайындады.

Мүше мемлекеттердің құқық қорғау және әкімшілік органдарының жедел өзара іс-қимылын жолға қою зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықтарды қорғау саласында өте маңызды міндет болып табылады деп сенім білдірді ЕЭК өкілі.

Осы мақсаттар үшін 2015 жылғы қыркүйекте Зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықтарды қорғау жөніндегі әрекеттерді үйлестіру туралы шартқа қол қойылды. Қазір Шартты күшіне енгізу үшін қажетті рәсімдер аяқталып келеді. «Уәкілетті органдардың ынтымақтастығы қазіргі таңда жаңа кезеңге шығып келеді, ол кейін ЕАЭО зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықтарды қорғау және контрафактілік өнімдердің таралуына қарсы күрес саласында мүше мемлекеттердің кеден және құқық қорғау органдарының мамандандырылған үйлестіруші орталығын құру үшін серпін болуы мүмкін», – деп есептейді Асқар Кішкембаев.

Зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықтарды қорғау саласында Одақ құқығын дамытудың тағы бір маңызды бағыты Келісімге ЕАЭО зияткерлк меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне қатысты өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасымен жұмыс болып табылады. Хаттама бірыңғай кедендік тізілімнің практикалық жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Норма шығармашылығы қызметімен қатар ғылыми, өнертапқыштық және инновациялық қызметті жандандыру, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және Одақтың зияткерлік меншігінің өркениетті нарығын қалыптастыру мақсатында ЕАЭО-да зияткерлік меншікті сақтау, қорғау және пайдалану стратегиясын дайындау жөніндегі жұмыс белсенді түрде жүргізіліп келеді.