Жүйеге кіру
ЕЭК патронаттығымен «БелБренд» халықаралық музыка сыйлығының лауреаттары өнер көрсетті

ЕЭК патронаттығымен «БелБренд» халықаралық музыка сыйлығының лауреаттары өнер көрсетті

23.05.2016

20 мамырда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның патронаттығымен «БелБренд» халықаралық музыка сыйлығының лауреаттары Белорусь мәдениет жылына арнап өнер көрсетті.

 «Европалық турне» классикалық музыканың гала-концерті «Царицыно» мемлекеттік мұражай-қорығының Үлкен сарайының Баженов залында өтті.

Еуразиялық экономикалық комиссиядан құттықтау сөзбен ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті директорының орынбасары Самат Әлиев сөз сөйледі. ЕЭК өкілі музыка жағынан дарынды жастардың шығармашылығын қолдаудың, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің интеграциялық процестерін кеңейтуде мәдени мұраны сақтау мен кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараға «БелБренд» сыйлығы лауреаттарымен қатар, түрлі еуропалық музыка сыйлықтарының лауреаттары қатысты. Олардың өнерін музыкалық сүйемелдеуді Вячеслав Бортновскийдің басқаруымен «Коллегиум музикум» Минск камералық симфониялық оркестрі жүзеге асырды.

Анықтама

ЕЭК патронаттығымен 2014 жылы бекітілген «БелБренд» халықаралық музыка сыйлығы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің интеграциялық мәдени кеңістігін кеңейтуді қолдауға, Еуразиялық экономикалық одақ аумағында зияткерлік меншікті дамытуға, сондай-ақ Беларусьтің имиджін елде және шетелде бренд ретінде көрсетуге бағытталған.

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі) Тимур Сүлейменов сыйлықты ұйымдастыру комитетінің төрағасы және жюридің тең төрағасы болып табылды.