Жүйеге кіру
ЕЭК бизнеспен ашық диалог жүргізеді

ЕЭК бизнеспен ашық диалог жүргізеді

03(3).jpg
23.05.2018

«Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің кәсіпкерлерімен жер-жерде интеграцияның проблемалық мәселелерін тікелей және ашық талқылауды бастайды»,- деп мәлімдеді ЕЭК экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов Қазақстан Республикасы  кәсіпкерлерінің  «Атамекен» Ұлттық палатасы алаңында Қазақстан бизнесі өкілдерімен кездесуі барысында.

Іс-шара Қазақстанның барлық облыстарының кәсіпкерлер палатасымен бейнеконференция форматында өткізілді. Кездесуге салалық бизнес-қауымдастықтар мен кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ республиканың уәкілетті мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Тимур Жақсылықов Комиссияның Одақ елдері арасындағы өзара сауда шеңберінде мәмілелерді жүзеге асыру кезінде ҚҚС төлеуді растау механизмін жетілдіру, акциздердің ставкаларын үндестіру,  жөніндегі жұмысы туралы,  алкоголь және темекі өнімдерінің жалпы нарығын құруға бағытталған басқа да шаралар қабылдау жөніндегі жқмысы туралы хабарлады. Ол тиісті халықаралық шарттың көмегімен ЕАЭО-да еңбекші мигранттардың зейнетақы құқығын қамтамасыз етудің бірыыңғай механизмін қалыптастыру туралы айтты.

Қазақстан Республикасы  кәсіпкерлерінің  «Атамекен» Ұлттық палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов кездесудің өзектілігін көрсете келіп, елдің ЕАЭО-ға қатысуы ұлттық экономиканың  өсуін ынталандырады, бизнестің дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер береді деп атап өтті. Қазақстанның іскер топтары интеграцияның әлеуеті  сарқыла қоймағанына назар аударып отыр.
 
Осыған байланысты ЕЭК министрі мен Комиссияның басқа да өкілдері кәсіпкерлердің тауарлық белгіге арналған айрықша құқықты сарқа пайдаланудың өңірлік қағидатынан ерекшеліктер белгілеу мүмкіндігін ендіру жолымен «қатарлас» импортты заңдастыру преспективаларына, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулардағы қолжетімділік пен ұлттық режимді қамтамасыз етуге қатысты сұрақтарына жауап берді.

Кездесуге қатысушылар кедендік бақылаудың қазіргі заманғы құралдарын, соның ішінде навигациялық пломбаларды, тауарларды бақылап отырудың және таңбалаудың ақпараттық жүйесін енгізу кезінде кедендік транзит рәсімінің бұрынғы құралдарын – маршруттар мен тексеріп қарауды жою қажеттігіне назар аударды.

«Мұндай көшпелі іс-шаралар кәсіпкерлерден тікелей кері байланыс алу үшін барынша маңызды, көп жағдайда солардың мүдделері үшін біз еуразиялық интеграцияны дамытып отырмыз»,- деп атап көрсетті Тимур Жақсылықов.

ЕЭК министрі Тимур Жақсылықовтың Одақтың бизнесмендерімен мұндай кездесулері жүйелі болады: жыл аяғына дейін осындай кездесу Арменияда, Беларусьта және Қырғызстанда өткізіледі.