Жүйеге кіру
«БЭК аумағындағы тең бәсекелестік шарттарын қамтамасыз етудің құқықтық аспекттері» дөңгелек үстелі болып өтті

«БЭК аумағындағы тең бәсекелестік шарттарын қамтамасыз етудің құқықтық аспекттері» дөңгелек үстелі болып өтті

20.06.2014

19 маусым күні Уфа қаласында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) «Біртұтас экономикалық кеңістік аумағындағы тең бәсекелестік шарттарын қамтамасыз етудің құқықтық аспекттері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша Алқа мүшесі (Министр) Нұрлан Алдабергенов, Башқұртстан Республикасының Президенті Рустэм Хамитов, КО мен БЭК мүше-мемлекеттердің парламент өкілдері, мемлекеттік органдары, ғылыми топтары, бизнес-қауымдастықтарының өкілдері, сонымен қатар шетел бәсекелестік ведомстволарының өкілдері қатысты. Іс-шараның модераторы РФ Мемдума депутаты Виктор Климов болды. 

Рустэм Хамитов дөңгелек үстелге қатысушыларға алғысөзін айтты: «Бүгінгі таңда өз еліңде жабылып алып, жалғыздан, «табиғи шаруашылықпен» өмір сүру мүмкін емес. Ілгері бірігіп жылжыған, бір-бірімізге көмектескен жақсырақ және бір-бірімізге сүйеніп елдерімізде орын алып жатқан оң үрдістерге жаңа динамика берген жақсырақ». 

Бүгінгі таңда Башқұртстан 100-ден астам әлем елдерімен ынтымақтастықта. Олардың арасындағы жетекші елдер Беларусь пен Қазақстан болып табылады. Өткен жылы, олармен сыртқы сауда айналымы 500 миллион доллардан астамын құрады. Қазақстанға минералды өнімдер, отын, азық-түлік, ауыл шаруашылық шикізаты, азық-түліктік тауарлар экспортталады. Белоруссияға – минералды отын, органикалық қосылыстар, қара металдар және олардан жасалған бұйымдар, жабдық, сода, каучук, пластмасса және басқалары экспортталады.

«Біздің елдерімізде батыс баламаларына қарағанда көптеген көрсеткіштері бойынша жақсырақ болатын көптеген өнімдер шығарылады. Біздің міндетіміз – тұтынушының бағдарын өзіміздің, туған, еуразиялық өнімге аудару. Ынтымақтастықтың жаңа жолдарын іздеу керек, бизнесімізді елдеріміздің нарықтарына шығуға белсене ынталандыру керек – біртұтас экономикалық кеңістік бұған жаппай басымдылықтар береді», - деп айтты, Башкортостан Президенті.

Өз кезегінде, Нұрлан Алдабергенов дөңгелек үстелге қатысушыларды Еуразиялық экономикалық комиссияның алдында тұрған бәсекелестік саясат саласындағы негізгі міндеттермен, сонымен қатар осы уақытта осы салада жүріп жатқан жұмыс барысымен таныстырды. Бұл ретте ол, ЕЭК трансшекаралық аумақтың нарықтарында зерттеп жатқан мәселелерге ерекше тоқталып өтті және 2013 жылдың қазан айында Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының мемлекет басшылары қол қойған, Бәсекелестік туралы модельдік заңның негізгі ережелерін түсіндіріп өтті.

«Бірыңғай бәсекелестік қағидаттары мен ережелері туралы келісіммен қарастырылған, Бәсекелестік туралы модельдік заңды қабылдау ұлттық монополияға қарсы заңнамаларды үйлестірудің маңызды кезеңі болып табылады», - деп ерекшелеп өтті, Нұрлан Алдабергенов. 

Дөңгелек үстел барысында, сондай-ақ, БЭК тауарлық нарықтарындағы тең бәсекелестік шарттарын қамтамасыз ету мәселелері, соның ішінде үстем жағдайды теріс пайдалануға тыйым салулардың, бәсекелестікке қарсы келісімдердің, жосықсыз бәсекелестікті қадағалау мәселелері қаралды және талқыланды.

Нұрлан Алдабергенов трансшекаралық нарықтардағы ағымдағы жағдаймен және зерттеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.  Сонымен, осы кезеңде табиғи газ, электр энергиясы, автомобильдер, азық-түлік тауарлары, халықаралық авиа және т/ж тасымалдары, мұнай және мұнай өнімдері, халықаралық байланыс қызметтері және басқалары зерттеліп жатыр.

Мысалға, роуминг нарығын талдау көрсеткендей, үй желісінен халықаралық қоңырауларға тарифтермен салыстырғанда роумингтегі қоңырауларға тарифтер 20-50 есе жоғары. Бұл мәселені шешу мақсатында, роумингті кезеңмен төмендету және одан әрі нөлге теңестіру механизмдерін қарастыратын, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешім жобаларын әзірлеу қажеттігі туралы мәселе бойынша тиісті мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізілуде.

Жолаушылардың әуе тасымалы нарығында, Нұрлан Алдабергенов тарифінде айтарлықтай айырмашылықтары бар бәсекелестіктің деңгейлері жоғары және төмен маршруттардағы  авиакомпаниялардың тарифтері мысалын келтірді. Жолаушыларды БЭК аумағы бойынша теміржол және әуе көлігімен тасымалдау бағаларын салыстыру көрсеткендей, Қазақстан, Ресей және Белоруссияның астаналары арасындағы авиабилет бағасы шамамен бірдей, ал сол маршрут бойынша купе вагонымен жол жүруге қарағанда кейбір бағыттарда арзан.

Бұдан басқа, «параллельді импорт» проблемалары талқыланды, оны тәуелсіз жеткізушілер мен ресми дилерлер арасындағы бәсекелестікті дамыту арқылы жекешелендіру импортталатын брендті тауарлар бағасын айтарлықтай төмендету мүмкіндігін береді. 

Бүгінгі күні БЭК-тің монополияға қарсы реттеудің негізгі бағыттары – монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру, трансшекаралық нарықтарды зерттеу, монополияға қарсы органдармен өзара әрекеттесу, бәсекелестікті адвокаттандыру болып табылады. 

Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың еркін әрі әділетті бәсекелестіктің қажеттігі туралы түсінігін қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары, соның ішінде монополияға қарсы органдармен және бизнес қауымдастықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен көшпелі кеңестер өткізу арқылы жүргізіліп жатыр.