Жүйеге кіру
ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығындағы трансшекаралық кредиттеу қолжетімді бола түседі

ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығындағы трансшекаралық кредиттеу қолжетімді бола түседі

23.06.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ЕАЭО-да кредиттік тарих құрамына кіретін мәліметтермен алмасу тәртібі туралы келісімнің пысықталған жобасын мақұлдады.


Келісім, бір жағынан, басқа мүше мемлекеттердің аумағында банктерге кредит үшін қайырылған кезде ЕАЭО-ның барлық елінің резиденттері үшін тең шарыттар жасалуына ықпал ететін болады. Екінші жағынан, құжат банктерге басқа мүше мемлекеттердің резиденттерін кредиттеу туралы шешім қабылдау кезінде тәуекелдерді сайма-сай бағалауға мүмкіндік береді. Бұл Одақта трансшекаралық кредиттеудің дамуын ынталандыратын болады.

 

Келісім ЕАЭО елдерінің резиденттері үшін басқа мүше мемлекетте орналаса отырып, осы елдегі қаржы ұйымына кредиттік өнімдер үшін қайырылған кезде өзінің кредиттік есебін сұрату және алу мүмкіндігін көздейді.

 

Құжат кредиттік тарихтардың құрамына кіретін мәліметтермен алмасудың механизмін, тәртібі мен шарыттарын, сондай-ақ трансшекаралық алмасуға жататын ақпараттың ең аз тізбесін белгілейді. Бұдан басқа, ол кредиттік қатынастарды ресімдеу кезінде тұтынушылар мен қаржылық қызметтер көрсетуді жеткізушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың негізгі қағидаттарын және Одақ мемлекеттерінің қаржы нарығын реттейтін органдардың өкілеттіктерін айқындайды.

 

Комиссия Кеңесі мақұлдағаннан кейін Келісім жобасы оған қол қою мақсатында қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу үшін елдерге жіберілетін болады.​