Жүйеге кіру
Қырғызстанда ЕЭК Кеңесінде Еуразиялық интеграцияның әртүрлі бағыттары бойынша келісілген саясат туралы айтылды

Қырғызстанда ЕЭК Кеңесінде Еуразиялық интеграцияның әртүрлі бағыттары бойынша келісілген саясат туралы айтылды

23.08.2017

ЕЭК Кеңесінің мүшелері 22 тамызда Шолпан-Атада (Қырғыз Республикасы) өткен отырыста 20 мәселені талқылады. ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян атап өткендей, «күн тәртібіне Кеңестің отырысы шеңберінде белсенді пікірталас тудырған көптеген тұжырымдамалық тақырыптар енді». Тигран Саркисян сыртқы экономикалық ынтымақтастыққа байланысты бірқатар тақырыптарды атап өтті: «Біз Кеңес мүшелерімен бірге біздің сыртқы трек бойынша позициямызды талқыладық. Атап айтқанда, Сингапур бойынша келіссөз процесі қалай өтіп жатқаны туралы. Сонымен қатар, біз Кореялық әріптестерімізбен жұмысты ынтымақтастық туралы меморандумда көзделген форматта жалғастыруға шешім қабылдадық. Біз үшін тағы бір маңызды вектор Израильмен еркін сауда аймағы туралы шарт жасасу болып табылады. Біз осы бағыттағы жұмысты қалай жеделдету керектігіне уағдаластық». ЕЭК Кеңесінің Төрағасы, Қырғыз Республикасының Вице-премьер-министрі Олег Панкратов та Комиссия қызметіндегі халықаралық вектордың маңыздылығын атап өтті.

ЕЭК Кеңесінің отырысында талқыланған және интеграциялық процестерді тереңдетумен байланысты тақырыптар арасында, ЕЭК Алқасы Төрағасының пікірі бойынша, таңбалау және бақылап отыру мәселелері айрықша мәнге ие. «Біз үшін тауарлардың ең көп кең спектрі бойынша келісілген саясаттың болуы маңызды. Таңбалауды қайда және қандай технологиялық платформада жүргізетінімізді, ЕАЭО елдері жүйелерінің үйлесімділігін, олардың интероперабельділігін қалай қамтамасыз ететінімізді терең ұғынуымыз қажет. Деректерді өткізу үшін шектеулер туындамауы, таңбалау жүйесін енгізу адал бизнес үшін жаңа тосқауылға айналмауы қажет»,– деп есептейді Тигран Саркисян.

ЕЭК Кеңесі Одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтеріне ЕАЭО-да тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімнің жобасына мемлекетішілік келісуді (МІК) жүргізуді 2017 жылғы 30 қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды. Келісулердің қорытындысы бойынша ЕЭК Келісім жобасын пысықтайды және құжатты Комиссия Кеңесінің қарауына қайта ұсынатын болады. Одан әрі ол ұлттық үкіметтердің мақұлдауы үшін ЕАЭО елдеріне жөнелтілетін болады.

Құжат ЕАЭО елдері аумағында адал өндірушілерді қолдауды қамтамасыз етеді.

Одақ елдерінде ЕАЭО шеңберінде сәйкестендіру құралдарымен біріздендірілген тауарларды таңбалауды енгізу көзделуде. Одақта тауарларды таңбалаудың бірыңғай жүйесін іске асыру бойынша өкілеттіктер Комиссия мен мүше мемлекеттер арасында бөлінетін болады.

ЕЭК Кеңесінде тұсқағаздар өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланылатын  поливинилхлорид пен акрилді полимерлерге (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (ЕАЭО СЭҚ ТН) 3904 22 000 0 және 3906 90 900 8 позициялары) кедендік бажды бір жыл мерзімге 6,5%-дан 0%-ға дейін уақытша төмендетуге шешім қабылданды. Нөлдік бажды пайдалану құқығын алу үшін тауардың  мақсатын растау қажет болады, себебі тұсқағаз өндірісінде пайдаланылатын поливинилхлорид және акрилді полимерлер физикалық және химиялық қасиеттері бойынша өзге мақсаттарға арналған ұқсас тауарлардан еш айырмашылықтары жоқ.

2016 жылы ЕАЭО елдеріне поливинилхлорид импортының көлемі жалпы құны 49,8 млн АҚШ долларымен 31,2 мың т (2015 жылғы ұқсас көрсеткіштен 10%-ға аз – 34,8 мың т) құрады. ЕАЭО елдеріндегі негізгі импортер – Ресей Федерациясы (жалпы жеткізілімде шамамен 75%)

ЕАЭО-ға акрилді полимерлерді жеткізу 2016 жылы сандық көрсеткіште 2015 жылмен салыстырғанда 6%-ға артқан (169,5 мың тоннадан 179,9 мың тоннаға дейін), құны бойынша – 5%-ға азайған (327,7 млн АҚШ долларынан 312,3 млн АҚШ долларына дейін).

Әкелу мөлшерлемесін нөлге теңестіру ЕАЭО елдерінен тұсқағаз өндірушілерге өз өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

ЕЭК Кеңесінде сызықтық тығыздығы кемінде 900 дтекс (ЕАЭО СЭҚ ТН 5402 19 000 0) анидтер жіптерін жеке позицияға бөлуге және ЕАЭО БКТ кедендік әкелу бажын кедендік құннан 0% көлеміндегі мөлшерде белгілеуге шешім қабылданды. Шара 2019 жылғы 31 шілдеге дейін қолданылатын болады. Бүгінде мөлшерлеме 5%-ды құрайды.

Анидті жіптер автомобиль және авиациялық шиналарды, конвейерлі таспаларды және резеңке техникалық бұйымдарды арқаулау үшін пайдаланылатын жоғары берікті анидтік кордты маталар өндірісінде пайдаланылады. Баждарды нөлге теңестіру кордты және техникалық маталар өндірушілерге, сондай-ақ химиялық және шина өнеркәсібі кәсіпорындарына соңғы өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

2016 жылы ЕАЭО СЭҚ ТН 5402 19 000 0 позициясы тауарларының алыс шет елдерден Одаққа импортының көлемі 2015 жылмен салыстырғанда сандық көрсеткіште 1,8 есе (2,8 мың тоннадан 4,9 мың тоннаға дейін), құны бойынша – 1,7 есе (9,9 млн АҚШ долларынан 16,9 млн АҚШ долларына дейін) артқан.

Импорт көлемінің шамамен 85%-ы Беларусь Республикасына тиесілі. Негізгі жеткізуші елдер – Қытай (эскпорттың 65%-ы), Словакия (20%) және Германия (8%).

ЕЭК Кеңесінде «Антиконтрафакт» халықаралық форумы туралы ереже бекітілді. Құжатта форумды ұйымдастыру және өткізу мақсаты, міндеттері, тәртібі, сондай-ақ оны қаржыландыру мәселелері белгіленген. Форумның негізгі мақсаттарының бірі – мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерін қорғау және тауарлар мен қызметтер көрсетудің өркениетті нарығын қалыптастыру бойынша үйлестірілген тәсілдемелері мен ұсыныстарын әзірлеу. Билік пен бизнес өкілдерінің, құқық иеленушілер мен өндірушілердің, көпшілік қауымның күш-жігерін біріктіру контрафактілік өнімді өндіруге және таратуға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Кедендік, техникалық реттеу және сертификаттау, кадрлық әлеуетті қалыптастыру, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік өнімнің заңсыз айналымы саласындағы заңнамасын үндестіру, зияткерлік қызметтің нәтижелеріне, тұтынушылық нарыққа құқықты қорғау мәселелеріне айрықша назар аударылатын болады.

Форум 14-16 қыркүйекте Бішкекте (Қырғызстан) өтеді: Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шешіміне сәйкес ол осы сәтте ЕАЭО-ға төрағалық ететін елдің аумағында өткізіледі.

ЕЭК Кеңесінің мүшелері сонымен қатар 2018-2020 жылдары «Еуразиялық апта» көрме форумын өткізу орнын келісті. Ол 2018 жылы Арменияда, 2019 жылы Қырғызстанда, 2020 жылы Беларусьте өтетін болды

«Еуразиялық апта» – ЕАЭО елдері мен Еуразиялық экономикалық комиссия жыл сайын өткізетін көрме форумы. Оның шеңберінде Еуразиялық интеграцияны дамытудың неғұрлым маңызды мәселелері талқыланады, жаһандық сын-қатерлер мен ЕАЭО стратегиялық басымдықтары бағаланады, Одақ қызметінің негізгі бағыттары бойынша интеграциялық процестердің қатысушыларының көзқарастары қалыптастырылады.

2017 жылы форум Қазақстанда «Экспо-2017» шеңберінде 24-26 тамыз аралығында өтеді.