Жүйеге кіру
Кеме қатынасы туралы келісім ЕЭО елдеріне мемлекетішілік келісу үшін жолданды.

Кеме қатынасы туралы келісім ЕЭО елдеріне мемлекетішілік келісу үшін жолданды.

23.09.2015

Мәскеуде 22 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының кезекті отырысында сауда, техникалық реттеу, өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені, энергетика және инфрақұрылым саласындағы мәселелер қарастырылды.

Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) шеңберіндегі Индикативті (болжалды) газ теңгерімдерін, мұнай және мұнай өнімдерін қалыптастыру әдіснамасы туралы келісім жобасы мақұлданды. Әдіснама 2013 жылы Ресей Ғылым академиясының Энергетикалық зерттеу институтымен жасалған ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындысы негізінде жасалды. Құжатта бірыңғай терминология, әрбір қуат ресурсы теңгерімінің құрылысы, жалпы Одақ бойынша теңгерімдерді қалыптастырудың негізгі тәсілдемелері мен тетіктері, сондай-ақ, оларды әзірлеу мен түзетулердің тәртібі анықталған. Келісім жобасы мемлекетішілік келісу мен қоғамдық талқылаудан өтті. "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Индикативті (болжалды) газ теңгерімдерін, мұнай және мұнай өнімдерін қалыптастыру мемлекетаралық отын-энергетикалық жеткізілімдерін жүйелі түрде оңтайландыруға септігін тигізетінін" - ЕЭК энергетика және инфрақұрылым бойынша Алқа мүшесі (Министр) Таир Мансуров атап өтті.

Сондай-ақ, отырыста Кеме қатынасы туралы келісім жобасы қаралды. Құжат Тараптарға мемлекетішілік келісу үшін жолданды. "Келісім интеграцияның нормативті-құқықты базасын және ішкі су көлігі саласындағы көлік қызметінің ортақ нарығын құруға бағытталған және ЕЭО мүше мемлекеттерінің туы астында бір-бірінің ішкі су жолдары бойынша кемелердің рұқсат алусыз (еркін) өтуіне құқық беруді қамтамасыз ететінін",- Таир Мансұров айқындап өтті. Сонымен қатар, Келісім жобасы кемелердің мүше мемлекеттердің су жолдары арқылы шектес ішкі су жолдарында, ішкі су жолдары арқылы транзитті өту, екіжақты тасымалдар жасаған кездерде жүзу тәртібі мен шарттарын анықтайды.

Келісім жобасы кеме ішкі су жолдарында болған кезде, қай мемлекеттің су жолында орналасса, сол Одаққа мүше мемлекеттің заңнамасын сақтайтынын көздейді. Әрбір мүше мемлекет басқа мүше мемлекеттердің кемелеріне өзінің кемелеріне берілетіндей құқықтарды беретін болады. "Кеме қатынасы туралы келісімнің күшіне енуімен Одаққа мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ішкі су жолдары арқылы тасымал жасауға деген өзара қолжетімділіктерінің қазіргі рұқсатты тәртібі ескертпелі тәртіпке ауысатын болады, бұл кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарына оң әсер беретінін" - Таир Мансұров атап өтті.

Одан басқа, ЕЭК Алқасының шешімімен ЕЭО емдік дәрі-дәрмектерінің ортақ нарығы 2016 жылғы 1 қаңтарынан қызметін бастау үшін қажетті алғашқы екі құжат қабылданды. Оның ішінде, Одаққа мүше мемлекеттердің фармакопеясын үйлестіру Тұжырымдамасы бекітілді. Фармакопея - емдік шикізаттың: фармацевтикалық субстанциялардың, қосалқы заттардың, диагностикалық және емдік дәрі-дәрмектердің және олардан дайындалған препараттардың сапа нормаларын қалыпастыратын ережелер жинағы.

Тұжырымдама бірінші кезекте, өңірлік фармакопея статусын ұстанатын және емдік дәрі-дәрмектер сапасын нормалау және дәрі-дәрмектердің химиялық-аналитикалық үдерістерін стандартизациялауға негіз ретінде қолданылатын Одақтың Фармакопеясын әзірлеуге бағытталған. Тұжырымдама ережелерінде ЕЭО мемлекеттерінің фармакопеялық баптарын үйлестіруге және халықаралық нормалар негізінде дәрі-дәрмектердің сапасын қадағалауға бағытталған жалпы тәсілдер қарастырылған.

Тұжырымдаманың негізгі кезеңдерінің жүзеге асырылуына қарай Одақта дәрі-дәрмектердің сапасына деген талаптардың бірыңғай жүйесі қалыптасатын болады. Бұл емдік дәрі-дәрмектердің өндіруші жасап шығару кезінде және емдік препараттардың мүше мемлекеттер органдарымен нарыққа шығруға рұқсат беру кезінде олардың сапасын қадағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде халық тиімдірек, қауіпсіз және сапалырақ емдік препараттар алатын болады.

Тұжырымдама медициналық қолдану үшін дәрі-дәрмектер бойынша да, ветеринарлық емдік препараттарға да арналған мүше мемлекеттердің фармакопеясын үйлестіру мәселелерін қамтиды.

Сондай-ақ, ЕЭК Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың Фармакопеялық комитеті туралы Ережені бекітті. Фармакопеялық комитеттің негізгі мақсаты Одақ Фармакопеясының жалпы және жеке фармакопеялық баптарын - дәрі-дәрмектердің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты негізгі талаптарды қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу болып табылады. Фармакопеялық комитет дәрі-дәрмектер айналымы саласындағы уәкілетті органдарының ұсыныстары бойынша ЕЭО мемлекеттері өкілдерінен құралатын болады және ЕЭК Алқасының қаулысымен бекітілетін болады. Одақтың Фармакопеялық комитеті мүшелерінің саны әрбір мемлекеттен 5 адамнан аспауы керек.

Одан басқа, отырыста ЕЭО-дағы көлік құралдарының электронды паспорт жүйесінің (көлік құралдары шассиінің электронды паспорттар) және өзі жүретін автокөліктер мен көліктердің басқа түрлерінің электронды паспорт жүйесінің қызмет ету Тәртібі бекітілді. Электронды паспортқа оны рәсімдеу, толтыру және оған өзгертулер енгізу кезінде электронды паспорттар жүйесінде нақты жағдайға байланысты "аяқталмаған", "қолданыстағы", "өтелген" немесе "жойылған" деген статус беріледі.

Көлік құралдарының электронды паспорттарына қатысты тағы бір құжат мақұлданды - "Моторлы көлік құралдарының жеке категориялары айналымын басқару туралы" ЕЭК Кеңесінің қаулы жобасы. Құжат жобасына сәйкес, элекронды паспорт моторлы көлік құралдарының жеке категориялары айналымын басқару құралы болып табылады. Осылайша, Алқа көлік құралдарының электронды паспорт жүйесінің (көлік құралдары шассиінің электронды паспорттар) және өзі жүретін автокөліктер мен көліктердің басқа түрлерінің электронды паспорт жүйесі арқылы ЕЭО мемлекеттерімен жүзеге асырылуы болжанып отырған моторлы көлік құралдарының жеңілдік режимде жиналған айналымын басқару тетіктерінің жалпы тәсілдемелерін мақұлдады. Осы мақсатта электронды паспорт құрылымына жеңілдетілген режимде моторлы көлік құралдарын жинақтау туралы, сондай-ақ осындай көлік құралдары айналымының ұйғарынды аумағына қатысты ақпарат қосылатын болады.