Жүйеге кіру
Тигран Саркисян: «ЕАЭО – біздің барлық бес еліміз үшін өзіміздің ішкі, оның ішінде техникалық әлеуетімізді іске асыру үшін бірегей мүмкіндік болып табылады»

Тигран Саркисян: «ЕАЭО – біздің барлық бес еліміз үшін өзіміздің ішкі, оның ішінде техникалық әлеуетімізді іске асыру үшін бірегей мүмкіндік болып табылады»

23.10.2019

22 қазанда Мәскеуде өткен «Ашық инновациялар - 2019» Мәскеу халықаралық инновациялық даму форумының пленарлық мәжілісінде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян: «Біздер, Еуропалық одақтың, Қытай Халық Республикасының цифрлы стандарттарының Еуразиялық экономикалық одақта біз әзірлеп жатқан стандарттармен салыстырмалы сәйкес болуына мүдделіміз. Мұндай техникалық диалогты өткен жылғы мамырда Сауда-экономикалық өзара іс-қимыл келісіміне қол қойған, алғаш рет цифрлы күн тәртібімізді, стандарттарымыздың өзара әрекетке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін пікір алысулар қажеттігін белгілеген елдер - Еуразиялық одақпен және ҚХР-мен бірлесіп бастап кеттік», – деп атап көрсетті.

Панелдік сессия интеллектуалды экономика проблемасына арналды. Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Сергей Румас, Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян және ірі халықаралық компаниялар мен ғылыми институттардың басшылары цифрлы ұлттар дилеммасын талқылады, олар: жабықтығы мен қауіпсіздігі VS ашықтық және дамыту перспективасы, роботтандыру VS жұмыссыздық, көптеген технологиялық тәуекелдерді болдырмауға мүмкіндік беретін, бірақ дамуды тежейтін және технологиялық бағыттар бойынша көшбасшы болуға мүмкіндік бермейтін, реттеудің дәстүрлі жүйесі VS ең соңғы технологияны дереу енгізуге бағытталған және салалық коллаборацияны реттеуге тарту қағидаттарының басымдығына негізделген икемді мемлекеттік реттеу.

«Евразиялық экономикалық одақбіздің барлық бес мемлекет үшін өзіміздің ішкі, оның ішінде технологиялық әлеуетімізді дамытуға теңдесі жоқ мүмкіндік, өйткені, мемлекет шеңберінде өз егемендігімізді іске асыру кооперациясыз, ынтымақтастықсыз өте қиын, – деп атап көрсетті, ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян, сессияда сөйлеген сөзінде. – Біздің Одақтың іргетасы болып қаланған ынтымақтастық нысаны, өз мүмкіндігімізді және егемендігімізді, бірінші кезекте, ғылыми-техникалық ынтымақтастық шеңберінде іске асыруға үлкен дәрежеде мүмкіндік береді, өйткені ғылымда шекара болмауға тиісті. Осы бағыттағы күш-жігерді біріктіру таңғажайып нәтижелерге жеткізеді».

Тигран Саркисян халықаралық стандарттарды төрт санатқа бөліп қарайды. Біріншісі – бұл, қолда бар технологияларды пайдаланумен байланысты стандарттар. Сол технологиялардың арқасында халықаралық стандарттар әзірленді. Екіншісі – елдің жаңа технологияларды әзірлеуші және енгізуші болып табылуы, кеңінен таралуы. Бұл ретте көпшілік осы стандарттарға қосылуда. Үшінші бағыт – қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Әрбір ел немесе экономикалық бірлестік экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ұмтылады, сол үшін аумақтағы ведомстволар, кәсіпорындар үшін міндетті болып табылатын нормативтік құжаттардың ауқымды көлемін әзірлейді. Бұл, олардың өз стандарттарын әзірлегенін білдіреді. Және төртінші бағыт – жаңа әлемдік жаһандық тренд – өңірлік стандарттар. Бүгінгі таңда 50-ге тарта өңірлік экономикалық бірлестіктер жұмыс істейді.

«Осы бірлестік аясында интеграцияның тереңдеуіне қарай, барынша тығыз байланыстардың қажеттігі, өзара әрекетке қабілеттілік туындайды және олар өздерінің жеке стандарттарын әзірлейді, – деп атап көрсетті ЕЭК Алқасының басшысы. – Төрт жыл бұрын мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлы күн тәртібін бекітті. Цифрлы жобаларды әзірлеу аясында өзіміздің жеке экожүйемізді қалыптастыру қажеттігі туындайды. Бұл, сөзсіз өзіміздің жеке стандарттарымыздың болуына алып келеді».

Тигран Саркисян бүгінде Еуразиялық экономикалық одақта іске асырылып жатқан жобалар туралы әңгімеледі. ЕАЭО елдерінің көшбасшылары іске қосқан алғашқы мұндай іргелі жоба – тауарлардың Одақ ішіндегі де, сондай-ақ, ЕАЭО-ға үшінші елдерден келіп түсетін тауарларды да қадағалауға мүмкіндік береді. Оның айтуынша, тауарларды қадағалаудың осындай жүйесін әзірлеу, бес елдің келісілген ұстанымын талап етеді, яғни, өзіндік стандарттар қолданылуы тиіс.

Екінші жоба – бұл, Одақ аумағындағы электронды ілеспе құжаттар. «Бұл, өзінің мәні жағынан, олардың цифрлануы себепті, маңызды құжаттар ретінде, барлық елдер танитын бірегей стандарттар, сондай-ақ электронды қолтаңбалар танылады», – деді Тигран Саркисян.

ЕАЭО елдері үкіметтерінің басшылары бекіткен үшінші жоба, – бұл, шаруашылық субьектілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған өнеркәсіптік кооперация, ірі келісімшарттар жасасу мен технология транферті Еуразия желісінің экожүйесі. Бұл, ЕАЭО кәсіпорындарына цифрлы тұғырнама көмегімен, жұмыстың қазіргі әдістерін енгізуге мүмкіндік береді.

Келесі жоба – цифрлы көліктік дәліз. Еуразиялық экономикалық одақ ауқымды көлік әлеуетіне ие. «Біз оны толық дәрежеде іске асыра алмаймыз, өйткені, елдік реттеулер әртүрлі болуына байланысты, ауқымды көлемдегі кедергілер, шектеулер кездеді және барлығын жалпы стандартқа сәйкестендіруіміз қажет. Біздің жоба тауарларды тасымалдауға жұмсалатын уақытты едәуір төмендетуге мүмкіндік береді, ол өз кезегінде көлік шығындарының өзіндік құнынан көрініс табады. Бұл біз үшін принципті мәселе», - деді Тигран Саркисян.

Еуразиялық экономикалық одақ үшін сондай-ақ, электронды еңбек биржасы жобасы әзірленді. Ол, өзара әрекетке қаблеттілікті қамтамасыз ету және барлық еуразиялық кеңістікте жұмыс іздеп жүрген, Одақ елдері азаматтары үшін қолайлы жағдай жасау үшін, қызметтің әртүрлі саласына жалпы стандарттарды енгізу қажеттігін меңзейді.

Алтыншы жоба – бұл, реттеуші «құмсауытты» пайдалану. «Қазіргі заманғы цифрлы жобалар, әкімшілік кедергілерді алып тастамайынша тиімді қолданылмайды. Сол себепті, цифрлы жобалар үшін реттеуші «құмсауыттар» өмірлік маңызды құрал болып табылады, ол бізге цифрлы күн тәртібін іске асыруда серпіліс жасауға мүмкіндік береді», – деді сөзінің соңында ЕЭК Алқасының Төрағасы.

Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев Ресейді инновациялық дамытудың перспективасы туралы айтты. Оның айтуынша, «РФ цифрлы экономикасы» ұлттық бағдарламасы, таяу уақытта, жасанды интелллектті дамыту жөніндегі тағы да бір жобамен толығады. Толықтай алғанда, «цифр» үшін ел бюджетінен таяу жылдарға 1,6 трлн рубль бөлу көзделген. Мұның сыртында, мемлекет, Ресейлік жоғары оқу орындарына Интернет арқылы түсуге және сайлауда дауыс беруге мүмкін болуы үшін жұмыс жүргізуде.

Дмитрий Медведев ел алдында тұрған үш сынаққа егжей-тегжейлі тоқталды, олар: цифрлы қауіпсіздік, еңбек нарығын трансформациялау және инновациялық дамуды құқықтық реттеу. Ашықтық елеулі тәуекелдер әкелетінін атап өтті, сол себепті цифрлы қауіпсіздік ұғымына елдің ұлттық мүддесін қатамасыз ету, лаңкестік қауіп-қатерден қорғану, жеке деректерді қорғау енетінін атап өтті.

«Жеке өмірдің қауіпсіздігі және кепілдігі арасындағы тепе-теңдікті ұстану қажет. Осы ретте, цифрлы қауіпсіздік, бақылау және мемлекеттік жауапкершілік адамның өзіндік таңдауына – оның өзі туралы қандай із қалдыратынына тікелей байланысты. Интернет барлығын да барынша ашық жасайды, яғни, әрбір адам әлеуметтік желінің көмегімен өмір бойы көпшілікке мәлім тұлғаға айналады» - деп атап көрсетті РФ үкіметінің төрағасы.

Белоруссия Республикасының Премьер-министрі Сергей Румас ел аумағында жұмыс істеп тұрған жоғары технологиялар паркі туралы айтты. Ерекше режимнің, оның ішінде салық жеңілдіктеріне байланысты, Белоруссия жан басына шаққанда софта эксперті бойынша Шығыс Еуропа мен ТМД елдері арасында жетекші орынға ие.

Сергей Румас сондай-ақ, инновациялық стартаптарды қолдау үшін ЕАЭО арнайы венчурлы қорын құру идеясын жариялады. «Неге біздер бірлесіп ЕАЭО ішінде бір-біріміздің перспективалы жобаларымызды қаржыландырмаймыз? Құрметті әріптестерімді осы туралы ойласуға шақырамын. Бұл жобаға Одаққа енбейтін, біздермен тығыз және достық қарым-қатынастағы өзге де мемлекеттер қатыса алар еді», – деді Белоруссия Премьер-министрі.

Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов цифрлы күн тәртібін дамыту бойынша өз еліндегі негізгі сын-тегеуріндерді атап өтті. Олар – цифрлы инфрақұрылымды, цифрлы дағдыларды және халықтың біліктілігін дамыту, цифрландырудың тиімді жүйесін құру, цифрлы индустрияны дамыту.

Оның айтуынша, цифрлы инфрақұрылымға кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз ету – цифрлы экономиканы тұрақты дамытудың басты шарты. «Өзбекстанда цифрлы дағдыларды жедел дамыту үшін елеулі алғышарттар бар. Атап айтқанда, елдің 60% астам халқы жастар болып келеді, елдегі халықтың орташа жасы 29 жастан аспайды және бұл цифрлы интеллектуалды қоғамды қалыптастыру үшін елеулі базаны құрайды. Осыған орай, соңғы 3 жылда елімізде ақпаратты технологиялар саласындағы білім жүйесін жетілдіруге елеулі көңіл бөлінеді. <…> Елімізде жастар үшін осындай мүмкіндіктерді одан әрі жасау, біздің қоғамымыздың өмірінде цифрлы қайта құруды тұрақты дамытуға мүмкіндік береді» – деді, Өзбекстанның Премьер-министрі.

Республикада азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдау жөніндегі электронды тұғырнама табысты жұмыс істейді. Қазіргі уақытта мемлекет алдында жеке-жеке ақпараттық жүйелерді және ресурстарды интеграциялауды қамтамасыз ету міндеті тұр.

«Жоғарыда көрсетілген және басқа да сын-тегеуріндерді, сондай-ақ, цифрлы күн тәртібінің басым міндеттерін шешу, әрине, өзара тығыз іс-қимылды және ынтымақтастықты, оның ішінде, әлемдік үздік практикаға негізделген біріңғай стандарттар мен тәсілдерді қалыптастыру мәселесі бойынша диалогты кеңейту есебінен шешу талап етіледі», – деп, сенімділік танытты Абдулла Арипов. «Ашық инновациялар» форумы сияқты іс-шаралар – пікір алмасу және цифрлы даму бағдарламаларын түзету үшін тиімді сараптамалтық алаң.

Пленарлық мәжілістің модераторы Ресей ғалымы Иван Оселедец төртінші өнеркәсіптік революция жасанды интеллект, робототехника, сымсыз байланыс, интернет бұйымдар сияқты бағыттармен айқындалатынын атап өтті. Компаниялардын және елдің бәсекеге қабілеттілігі, олар осы технологияны қаншалықты пайдаланатындығына және дамуына байланысты болатынын сөз етті.

«Кез-келген прогрестің екі жағы болады. Бұл, перспектива ғана емес, сонымен бірге үлкен тәуекел: жұмысты жоғалтып алу тәуекелі, жеке кеңістік, адамзаттың тұрақты тіршілігі үшін тәуекел. Цифрлы экономикаға өту бірнеше дилемма аясында таңдау жасауды талап етеді», – деді Иван Оселедец.

Өз кезегінде Bayer AG Директорлар кеңесінің төрағасы Вернер Бауманн білім жылдам өзгереді, сол себепті, бір де бір мемлекет, компания жеке-дара ілгерілей алмайды, олар бірдемені беру және алу үшін, әріптестік қарым-қатынас орнатуға тиіс екендігін айтты.

Адамзат болашағы институтының директоры Ник Бостром жасанды интеллект қабілетінің адамзат ақыл-ойы әлеуеті дәрежесіне көтерілмегеніне сенімді. Алайда, ол еңбекті толықтай автоматтандыру орындалғанда, адамзат алдында мынадай екі елеулі мәселе туындайды деп есептейді, олар: әр адам үшін жұмыстың маңыздылығы және өмір сүру мәнінің проблемасы. Оның айтуынша, жұмыс – табыс табудың тәсілі ғана емес, сонымен бірге қоғам үшін өзінің құндылығын сезіну. Бұл, еңбекті автоматтандыру - жаһандық мәдени өзгерістерге алып келетіндігін білдіреді және адам өзін қасіби қызмет шеңберінен тыс жерден табылуын білуі қажет болады. Сондай-ақ, Ник Бостром қазіргі білім беру жүйесі жұмыс істеуге әзірленетін адамдарға бағытталғандығын, сол себепті, автоматтандыру кәсіби саланы ғана емес, білім беру институттарын қамтитындығын атап өтті. Осы жағдайда, білім беру қызметі - өнерді, әдебиетті, яғни біздің әуесқойлығымызды дамытуды бір нүктеге топтастыруы қажет.

Google Play, Apps & Games, Google директоры Пурнима Кочикар, Ресейде Google тұғырнамасында жұмыс істейтін көптеген жерлікті компаниялардың бар екендігін атап өтті және ол компаниялар айына миллионнан астам доллар табыс табады. Ресей осындай компаниялар саны бойынша Еуропа, Африка және Таяу Шығыс мемлекеттері арасында бірінші орын алады.

Оның пікірінше, қосымшалар экономикасы белсенді түрде дамуда. Ресейдегі ең табысты қосымшалар арасынан «Мемлекеттік қызметтер», «Сбербанк» және т.б. атап өтті. Пурнима Кочикар мұндай қосымшалар экономикаға елеулі үлес қосатынына сенімді, олар жұмыс орындарын құрады және елдің ЖІӨ ұлғайтады.​