Жүйеге кіру
Тигран Саркисян: «Біздің елдеріміз үшін тең құқықтылық, мүдделердің өзара есебі, ортақ іргетастық құндылықтар, қадір-қасиет пен адалдық санатына ерекше көзқарас – ЕАЭО-ға тән қасиеттер»

Тигран Саркисян: «Біздің елдеріміз үшін тең құқықтылық, мүдделердің өзара есебі, ортақ іргетастық құндылықтар, қадір-қасиет пен адалдық санатына ерекше көзқарас – ЕАЭО-ға тән қасиеттер»

23.10.2019

23 қазанда өткен бірінші экономикалық форум шеңберінде және «Ресей – Африка» саммитінде, Сочидегі жұмыстық таңғы ас барысында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Африкалық Одақтың іс басындағы төрағасы, Мысыр Араб Республикасының Президенті Абдель Фаттах Аль-Сиси және ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян - Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ірі африкалық аймақтық білестіктерімен қарым-қатынасы перспективасын, сондай-ақ, ынтымақтастың экономикалық әлеуетін талқылады.

Іс-шараға сондай-ақ, Африканың негізгі аймақтық ұйымдарын басқаратын мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары, Африкалық одақ, Оңтүстік Африка даму қауымдастығы, Батыс Африкалық мемлекеттер экономикалық қоғамдастығы, Магриб Араб одағы, Шығыс және Оңтүстік Африка Ортақ нарығы, Шығыс Африка қауымдастығы, «Сахель бестігін» дамыту үкіметаралық ұйымы, Африкалық экспорт-импорт банк өкілдері қатысты.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин сөйлеген сөзінде, Ресей Еуразияның ауқымды кеңістігінде аймақтық интеграциялық процесстердің белсенді қатысушысы болып табылатындығын, Еуразиялық экономикалық одақтың құрамына кіретіндігін атап өтті. ЕАЭО желісі бойынша бірқатар Африкалық елдермен байланыс орнатылды. Еркін сауда аймағын құру туралы Мысырмен келіссөздер жүргізілуде, Мароккомен Ынтымастық туралы меморандум жасалды. Ертең Еуразиялық экономикалық комиссия мен Африка одағы комиссиясы арасындағы Меморандумға қол қойылады. «Осылайша, екі интеграциялық бірлестіктің жан-жақты өзара іс-қимылы үшін құқықтық негіз қаланды», – деп атап көрсетті ол.

Ресей Федерациясының Президенті Африканың аймақтық құрылымдарымен, оның ішінде Шығыс Африка қауымдастығымен әріптестік байланысты дамытуға дайын екендігін білдірді.

«Толықтай алғанда, бүгінгі пікіралмасу пайдалы болды және Ресейдің, ЕурАзЭО Африкалық интеграциялық бірлестіктермен ынтымақтастықты дамыту бойынша келешекте нақты келісімдерге жол ашылды деп есептейміз», – деп, Владимир Путин сөзін қорытылады.

ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян бүгінгі Африка – «африкалық проблемаларға – африкалық шешім» іргелік қағидаларын есепке ала отырып даму үстінде. Еуразиялық экономикалық одақтың негізінде жатқан, негіздік іргелік құндылығы осыған ұқсас: еуразиялық проблемаларға – еуразиялық шешім болып табылатандығын атап өтті.

Тигран Саркисянның айтуынша, адалдыққа және қадір-қасиетке жалпы көзқарас Одақтың негізі болып қаланды. Аумақтарының көлемі, халықтарының саны әртүрлі екендігіне қарамастан, бес мемлекет осы құндылықтарды ескере отырып, осы ЕАЭО құрды және экономикалық көрсеткіштері тең құқықтарға ие, тең дәрежеде жұмыс жасайды және шешімдерді бірге қабылдайды, төрт еркіндікке – тауарлардың, қызметтердің капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалуына қол жеткізу мақсатында ортақ нарық құрылу үстінде. Ұлттан жоғары тұратын орган – Еуразиялық комиссия деңгейінде, әр елдің тең дәрежеде дауысы болады және кез-келген маңызды шешім пәтуа және өзара түсіністік негізінде қабылданады.

«Біздің елдер үшін мүдделердің тең құқықтығы, өзара есептілігі, жалпы іргетастық құндылықтар, қадір-қасиет санатына айрықша көзқарас пен адалдық ЕАЭО-ны экономикалық өсімді қамтамасыз ететін бірлестік жасады, сонымен бірге біздің елдеріміздің ұлттық егемендігін нығайтатудың маңызды негізі болып табылады», – деп атап көрсетті, ЕЭК Алқасының Төрағасы.

ЕЭК және Африкалық одақ комиссиясы арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын түсіндіре келе Тигран Саркисян, Меморандум – екі ұйым арасындағы институциялық қарым-қатынастың алғашқы және маңызды қадамы екендігін хабарлады. «Біздің мемлекеттер соңғы он жылдықтар ішінде екі жақты қарым-қатынас деңгейінде қалыптастырған, өзара қарым-қатынас пен әріптестіктің ауқымды жүгін одан әрі толықтыруға негізделген», – деді ЕЭК Алқасының басшысы.

Африкалық одақ төрағасы, Мысыр Президенті Абдель Фаттах Аль-Сиси «Африка елдерінің экономикалық қауымдастығы өзара байланысты нығайтуда елеулі рөл атқаратын, құрлық елдерінің байланысын және экономикалық ынтымақтастығын дамыту саласындағы біздердің бірлескен іс-қимылымызды нығайтуға мүмкіндік жасайтынын білдіреді» деді. Ол инфрақұрылымды, оның ішінде көлік, коммуникация және басқа да салаларды дамыту аймақтық деңгейде, ең алдымен жалпы құрлықтық деңгейде экономикалық интеграцияны дамыту үшін, өте маңызды қадам екендігін атап өтті. Мұндай инфрақұрылым Африка құрлығы елдерінде адамдардың және тауарлардың қозғалысында үлкен рөл атқаратындығын есепке алғанда, экономикалық, әлеуметтік-экономикалық даму және Африка елдері халықтарының өмір сүруі деңгейін арттыру міндеттеріне жауап береді.

Осыған байланысты, ол әріптестерін өздерінің қызметтерін жандандыруға шақырды, сондай-ақ Африка құрлығы атынан ресейлік компанияларға Африка елдеріне инвестиция салу ұсынысын алға тартты.​