Жүйеге кіру
ЕАЭО-да табиғи монополиялар саласындағы заңнама үндестірілетін болады

ЕАЭО-да табиғи монополиялар саласындағы заңнама үндестірілетін болады

23.10.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия табиғи монополиялар саласындағы нормативтік құқықтық актілерге ұсыныстар дайындады. Бұл туралы 22 қазанда болып өткен Табиғи монополиялар жөніндегі консультативтік комитеттің 20-отырысының қорытындылары бойынша белгілі болды.

 

Көлік және инфрақұрылым департаменті «Табиғи монополиялар саласындағы реттеуді үндестіру мәселелері» ғылыми-зерттеу жұмысының төртінші кезеңінің орындалу барысы туралы баяндама ұсынды.

Ұсыныстар қызметтер көрсетуді табиғи-монополиялыққа жатқызудың негізгі критерийлері мен жағдайларын; табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидаларын іске асыруды қамтамасыз етудің негізгі критерийлері мен жағдайларын; табиғи монополияларды реттеу саласындағы заңнаманы үндестіруді іске асырудың дәрежесін айқындау кртерийлерін, сондай-ақ нәтижелерді бағалау көрсеткіштері болып табылатын индикаторлар мен Одақ туралы шарттың табиғи монополиялар бөлігіндегі талаптарын іске асыру дәрежелерін кірістіреді. Барлығы 15, соның ішінде 5 сандық және 10 сапалық индикатор ұсынылған.

«Бүгінгі таңда жұмыс әлі аяқталған жоқ, бірақ қазірдің өзінде 113 нормативтік құқықтық актіге өзгерістер енгізу және 59 жаңа нормативтік құқықтық акт пен өзге де құжаттар әзірлеу жөнінде ұсыныстар қалыптастырылды», –  деп атап өтті ЕЭК-тің Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры Дәурен Сәбитов.

Отырыс нәтижелері бойынша жыл сайын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауына енгізілетін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы ақпаратты қалыптастырудың жаңа форматы мен тәсілдемелері бекітілді.

Комитет отырысының нәтижелері бойынша Табиғи монополиялар жөніндегі консультативтік комитеттің Жұмыс регламентінің жобасы да келісілді, ол соның ішінде бейнеконференциялар өткізу тәртібін, дауыс беру жүйесін қайта қарау жөніндегі ережені және Комитет жұмысының өзге де аспектілерін айқындайды.​