Жүйеге кіру
Михаил Мясникович Асқар Маминді туған күнімен құттықтады

Михаил Мясникович Асқар Маминді туған күнімен құттықтады

23.10.2020


Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшесі Асқар Маминді туған күнімен құттықтады.

 

«Сіздің терең кәсіби біліміңіз бен Қазақстан Республикасында жоғары мемлекеттік қызметтерде жинаған бай басқарушылық тәжірибеңіз халықаралық аренада Еуразиялық экономикалық одақ халықтарының игілігі жолында әлі де ұзақ сұраныста бола беретініне сенемін», –  делінген құттықтау хатта.

 

Михаил Мясникович Асқар Маминге мықты денсаулық, ізгі игілік, мемлекеттік қызметте табысқа жете беруді тіледі.​