Жүйеге кіру
ЕЭК-тің алдын ала хабардар ету мәселесі жөніндегі шешімі бизнестің тыныс-тіршілігін жеңілдетеді

ЕЭК-тің алдын ала хабардар ету мәселесі жөніндегі шешімі бизнестің тыныс-тіршілігін жеңілдетеді

23.10.2020
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы алдын ала хабардар ету мәселесі жөнінде бірқатар шешімдер қабылдады. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына көліктің әр түрімен әкелу бағамдалатын тауарлар туралы алдын ала ақпарат ұсыну тәртібіне, алдын ала ақпаратты тіркеу тәртібіне және пайдалану тәртібіне өзгерістер енгізілді. Өзгерістер алдын ала ақпараттың құрылымына да қатысты болды.

ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Олег Панкратов: «Алдын ала ақпарат құрамындағы өзгерістер санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, тауарларды автомобиль, теміржол және әуе көлігі түрлерімен әкелу кезінде ұсынылатын, халықаралық тасымалдың көлік құралына арналған декларация ретінде пайдаланылатын алдын ала ақпаратты автоматты өңдеу мақсаттарында алдын ала ақпаратты ұсыну кезінде мәліметтердің артықтықтығын болдырмауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, енді Одаққа әуе көлігі түрімен әкелу бағамдалған тауарлар туралы алдын ала ақпарат тауарлардың бірегей сәйкестендірушісі мен көлік құралдарының арқасында автоматты түрде өңделетін болады, Ресей Федерациясының үшінші елдермен халықаралық келісімдерінде көзделген кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде преференциялар берілетін болады», –  деп атап өтті.

Шешімдер 2021 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.​