Жүйеге кіру
ЕАЭО Интернетте зияткерлік құқықтарды бұзушылыққа қарсы күрес жөнінде келісілген тәсілдемелерді қалыптастыру кезінде таңдаулы әлемдік тәжірибені пайдаланатын болады

ЕАЭО Интернетте зияткерлік құқықтарды бұзушылыққа қарсы күрес жөнінде келісілген тәсілдемелерді қалыптастыру кезінде таңдаулы әлемдік тәжірибені пайдаланатын болады

23.10.2020
Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі хатшылығының басшысы Асқар Кішкембаев профессор А.Л. Маковскийді еске алуға арналған «Қазіргі заманғы әлемдегі зияткерлік құқықтар» дөңгелек үстелінде Интернет желісінде зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықтарды қорғау әдістері туралы әңгімеледі. Іс-шара 21 қазанда Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының «Профессор С.Н. Братусьті еске алуға арналған XV жыл сайынғы ғылыми оқулар» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы шеңберінде өтті.

Асқар Кішкембаев Интернет желісінде зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықтарды бұзушылықты барынша азайту жөніндегі озат тәжірибені, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықтарды қорғау жөніндегі жұмысқа құқық иеленушілерді, іздеу жүйелерінің операторларын, интернет-платформалардың иелерін тарту механизмдерін сипаттап берді.


Асқар Кішкембаев 2020 жылы Комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Интернет желісінде зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықтарды қорғау жөнінде механизмдер мен құралдарды қалыптастыру жұмысына кіріскенін атап өтті. Ол зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықтарды қорғауды қамтамасыз ету жөнінде сындарлы ұсыныстар тұжырымдау және ЕАЭО-да қолайлы кәсіпкерлік әрі инвестициялық ахуал қалыптастыру мақсатында құқық иеленушілер мүдделеріне қызметтер көрсететін бизнес және заң компанияларының өкілдерін диалогқа шақырды.​