Жүйеге кіру
ЕЭК бизнеспен бірлесіп халықаралық күн тәртібін дамытады

ЕЭК бизнеспен бірлесіп халықаралық күн тәртібін дамытады

23.10.2020

Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде 23 қазанда Интеграция және макроэкономика жөніндегі министр Сергей Глазьевтің төрағалық етуімен Еуразиялық экономикалық одақтың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД), Еуропалық одақ (ЕО), Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы (АСЕАН), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Африка одағы және Латын Америкасы өңірлеріндегі әріптестермен ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды.

Талқылау Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары жобасын іске асыру жөніндегі жұмыстарды жоспарлау шеңберінде өтті.

«Кеңестің міндеті - стратегиялық бағыттардың Одақтың халықаралық қызметіне қатысты ережелері бойынша Комиссия жұмысының жоспар-графигін әзірлеу. Халықаралық қызметті бизнеспен бірлесіп, іскер топтарға Одаққа мүше мемлекеттерде олардың визавиімен диалог үшін инфрақұрылым ұсына отырып дамытудың қисындылығына сенімдіміз», –  деп атап өтті Сергей Глазьев.

ЕЭК-тің Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Гоар Барсегян өз сөзінде бизнес-қоғамдастықтың айрықша рөлін атап көрсете келіп, ЕАЭО-ның халықаралық байланысуларының қалыптасқан инфрақұрылымы туралы жан-жақты айтып берді. Атап айтқанда, ол Комиссияның үшінші елдермен және өңірлік бірлестіктермен тиімді жұмыс үшін іскер топтарға ұсынатын механизмдерін санамалады. Бәрінен бұрын бұл жасасылған меморандумдар шеңберінде құрылған арнаулы жұмыс топтары, олардың отырыстарында іскер топтар жұмыстың барлық бүге-шігесін талқылай алады және бизнес-форумдар өткізу, сондай-ақ әріптес мемлекетке бизнес-миссия жасау немесе керісінше Одақ елдерінде делегациялар қабылдау жұмысын жүргізе алады.

Кеңеске қатысушылар – ЕАЭО Іскерлік кеңесінің, бес елдің іскер және сарапшылық топтарының өкілдері Одақтың әлемнің әрбір өңіріндегі әріптестермен халықаралық қызметінің тәсілдемелері туралы пікір алмасты.

Пікірсайыс барысында ТМД-мен ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды, екі бірлестіктің интеграциялық практикаларын ұштастырудың маңыздылығына ерекше көңіл бөлінді.

Еуразиялық және Еуропалық комиссиялар арасындағы диалогты Еуропалық құрылымдардың Еуразиялық экономикалық интеграцияның қазіргі заманғы жай-күйі туралы хабардарлығын арттыруды, оның сараптамалық сүйемелденуін жандандыруды, іскер қоғамдастықтың әлеуетін бұдан да кең пайдалануды көздейтін жаңа практикалық деңгейге көшіру ұсынылды.

Одақтың АСЕАН-мен, Латын Америкасының және Африканың елдерімен әрі интеграциялық бірлестіктерімен өзара іс-қимылды дамытуы жөнінде іскер топтардың бейінді бірлестіктерінің ұсыныстары талқыланды.

Бизнес-қоғамдастық өкілдері өз қадамдарын қосымша пысықтауға әзір екендіктерін атап көрсетті және Одақтың халықаралық күн тәртібін іске асыру бөлігінде ЕЭК-пен өзара іс-қимылды тереңдетуге деген мүдделілікті растады.

Пікірсайысты қорытындылай келіп, Сергей Глазьев Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі шеңберінде Одақтың халықаралық ынтымақтастығы туралы мәліметтерді қамтитын дерекқор құру идеясын талқылауды ұсынды. Қажет болған кезінде мұны ЕЭК пен ЕАЭО мемлекеттері ғана емес, сонымен бірге барлық мүдделі өкілдер, бірінші кезекте іскер топтар мен сарапшылық қоғамдастықтың мүдделі өкілдері пайдалана алар еді​.