Жүйеге кіру
ЕАЭО елдерінің монополияға қарсы органдарының басшылары мен ЕЭК Миинстрі Нұрлан Алдабергенов Одақтағы мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуларды реттеу ісін талқылады.

ЕАЭО елдерінің монополияға қарсы органдарының басшылары мен ЕЭК Миинстрі Нұрлан Алдабергенов Одақтағы мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуларды реттеу ісін талқылады.

20.11.2015

20 қарашада Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) мүше мемлекеттеріндегі монополияға қарсы органдарының басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа Мүшесі (Министрі) НұрланАлдабергеновтың мәжілісі өткізілді.

«5+1» форматында өткізілген іс-шарадаАрмения Республикасының экономикалық бәсекелестікті қорғау жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының, Беларусь Республикасы Экономика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі Комитеттің, Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы монополияға қарсы реттеу Мемлекеттік агенттігінің, Ресей Федерациясы Федералдық монополияға қарсы қызметтің өкілдері қатысты.

Мәжілісте Одақ елдерінің мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуларына өзара қатысуларды қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ ЕАЭО Сотымен қаралатын бәсекелестік және мемлекеттік сатып алулар жөніндегі даулар қаралды.

Нұрлан Алдабергенов мәжіліс қатысушыларына электронды мемлекеттік сатып алулардың пайдасы мен артықшылықтары туралы айтып берді«Біздің міндетімізді одан әрі шешудің аясында негізгі кезең – шарттарды электронды құжат нысанында жасасу болып табылады. Бұл жұмысты біз 2016 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді Нұрлан Алдабергенов.

Сондай-ақ, Комиссия заңнамаларға және мемлекеттік сатып алулар тәжірибелеріне мониторинг жасауды, сондай-ақ ЕАЭО мүше мемлекеттерінің сандық қолтаңба жұмыстарының ұйымдастырылуын жүзеге асырып келеді.

Бүгінгі таңда Одақтың шеңберінде Қазақстанда бір, Беларусьте – екеу, Ресейде бес электронды сауда алаңы әрекетіп отыр. Одаққа мүше мемлекеттердің жеткізушілері мемлекеттік сатып алу нарықтарына кіруге электронды сандық қолтаңбаны трансшекаралық пайдалану, ұлттық режимнен алып тастауларды доғару немесе сондай алып тастауларды бекіткенде заң бұзушылықтарды жою жолымен рұқсат алды.

Мәжіліске қатысушылар ЕАЭО мүше мемлекеттердің мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар туралы ақпараттарының порталын құру туралы мәселені де қарады. Портал сатып алулар туралы ақпараттарға қолжетімділіктің бірыңғай және ашық орны болады, сондай-ақ сатып алу үдерістерінің нәтижелерін алуға, тапсырыс берушінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) және сатып алулар мерзімдерінің қысқартылуына жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Мәжіліске қатысушылардың пікірінше, оның құрылуы қаражат үнемдеудің өсіміне, сыйбайластық қатерлерді кемітуге, түрлі деректер базасын (әлеуетті жеткізушілер, бағалар) қалыптастыру мүмкіншілігіне септігін тигізетін болады.

Бүгінгі таңда, Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар туралы келісімге сәйкес Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясында заңнамаларды үйлестіру бойынша жұмыс аяқталды. Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасында осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

Мемлекеттік сатып алулар саласын дамытудың келешегі бұл АТ-технологияларды барынша кең пайдалану, мемлекеттік сатып алулардың бәсекелестік нарығын кеңейту, ықтималды тосқауылдарды және мемлекеттік сатып алулар нарықтарына өзара қолжетімділіктің өзге де шектеулерін жоюды жалғастыру.