Жүйеге кіру
ЕЭК өзінің төрт жыл ішіндегі қызметі жайлы ашық есепті жариялады

ЕЭК өзінің төрт жыл ішіндегі қызметі жайлы ашық есепті жариялады

24.02.2016

Еуразиялық экономикалық комиссия 2012-2015 жылдардағы ЕЭК Алқасының бірінші құрамының қызметі кезеңінде Комиссия мен Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысы туралы ашық есепті жариялады.

Есепте Кеден одағының (КО), Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) және Еуразиялық экономикалық одақтың кезеңдерінде интеграциялық жобаның дамуы туралы ақпарат ұсынылды. Онда ЕЭО мұраты мен қағидаттары көрсетілген, Одақтың экономикалық тиімділігі туралы ұғым беріледі.

ЕЭК Алқа Мүшелерінің (Министрлерінің) авторлық мақалаларында жұмыстың негізгі бағыттары бойынша Комиссия қызметінің қорытындылары ұсынылып отыр. Министрлер төрт жыл ішіндегі жұмыстағы бағыттарының шеңберінде анағұрлым елеулі, проблемалық және актуалдық аспектілері туралы әңгімелеген. Мақалаларда, сонымен бірге Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасының еуразиялық экономикалық жобаға қатысуынан болған бірінші нәтижелерге ден қойылған.

Жекелеген бөлімі ЕЭО халықаралық аренадағы рөліне, Одақтың үшінші елдермен және халықаралық бірлестіктермен өзара іс-қимылдарына арналып отыр. ЕЭО мен үшінші елдердің еркін сауда аймағын құру туралы келісімін әзірлеу үдерісі ұсынылған, сондай-ақ ынтымақтастықты дамыту келешегі пысықталып отырған мемлекеттер мен бірлестіктер аталған. Солардың арасында – Қытай, Израиль, Үндістан, Мысыр, Корея Республикасы, Моңғолия, АСЕАН, АТЭС, МЕРКОСУР, ЕО және басқалары. ЕЭО-ның Вьетнаммен қол жеткізілген еркін сауда аймағы туралы жеке аталып өткен.

Комиссияның қызметі ЕЭО елдеріндегі бизнес-қоғамдастықтардың өкілдерінің тиімді өзара іс-қимылдары үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталып отыр. Есепте ЕЭК пен Одақтағы елдердің бизнес-қоғамдастықтарының өзара іс-қимылдары жайлы ақпарат қамтылған: Консультативтік кеңестің Консультативтік комитеттердің, сараптамалық және жұмыс топтары форматтарындағы жұмыстары туралы деректер ұсынылды.

Бұдан басқа, басылымда КО, БЭК және ЕЭО кезеңдерінде интеграциялық жобаның іске қосылуына байланысты дамуына қуатты серпін берген компаниялардың нақты 16 табыстылық оқиғалары қаралады. Тауарлардың және капиталдың қозғалыс еркіндігі сол компанияларға өндірістік қуаттылықтарды дамытуға, Одақ елдерінің жаңа нарықтарға шығуына бұрын-соңды болмаған мүмкіншіліктерді қамтамасыз етті.

Комиссия жұмысының негізгі қағидаты – өзара пайдалы ынтымақтастықты, тең құқықтылықты қамтамасыз ету және ұлттық мүдделерді есепке алу. Бұл әсіресе, есепте көрнекі түрде сипатталған Одақтың нормативтік-құқықтық базасын даярлаудағы қолданылып жүрген рәсімдермен расталып отыр.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі отырыстарының барысында Комиссия жұмысының бірінші кезеңінің ішінде 120 астам құжат қабылданды және 1600 астамы ЕЭК Кеңесі мен Алқасының деңгейінде қабылданды.

Есепте еуразиялық экономикалық интеграцияның даму перспективалары да ұсынылып отыр.

ЕЭО негізгі мақсаттарының бірі Одақтың тауарларының, қызметтерінің, капитал мен еңбек ресурстарының ортақ нарығын қалыптастыру. Одақтың ұзақ мерзімді дамуы интеграцияланудың нәтижесінде нарықтың жаңа сегменттерінің құрылуы арқасында мүше мемлекеттердің экономикаларының құрылымдарын жетілдіруге септігін тигізуі тиіс.