Жүйеге кіру
Михаил Мясниковичтің Қазақстан Республикасына жұмыс сапары

Михаил Мясниковичтің Қазақстан Республикасына жұмыс сапары

24.02.2020

ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Қазақстанға жұмыс сапары шеңберінде бірқатар екіжақты, соның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Маминмен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаевамен кездесулер өткізді.

Кездесулерде Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын дайындау, ЕАЭО шеңберінде техникалық реттеудің бірыңғай базасын жетілдіру, сондай-ақ ЕЭК-тің Жұмыс регламентін сақтау мәселелері талқыланды. ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы кедергілерді жоюға ерекше назар аударылды.

Қазақстан президенті Михаил Мясниковичті қызметке кірісуімен құттықтады. «Сіздің Үкімет басшысы, Парламент басшысы және Беларусь Ғылым академиясының президенті ретіндегі бай тәжірибеңізді пайдалана отырып, Еуразиялық экономикалық одақтағы осы өте маңызды орган қызметінің табысты болуын қамтамасыз ету үшін өз біліміңіз бен құзыреттіңізді танытатыныңызға бізде ешқандай күмән жоқ»,- деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Михаил Мясникович Президентке оның ЕЭК Төрағасы лауазымына кандидатурасын қарау кезінде көрсеткен жоғары сенімі үшін алғысын білдірді, сондай-ақ осы лауазымдағы өз жұмысының басымдықтары туралы айтып берді.

Еске сала өтсек, ертең Михаил Мясниковичтің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен екіжақты кездесуі жоспарланып отыр.​