Жүйеге кіру
ЕЭК және ФСҚ өкілдері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салық органдары арасында ақпарат алмасу мүмкіндіктерін талқылады

ЕЭК және ФСҚ өкілдері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салық органдары арасында ақпарат алмасу мүмкіндіктерін талқылады

24.03.2017

23 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Қаржы саясаты департаментінің директоры Тигран Давтян мен Ресей Федералдық салық қызметі (ФСҚ) басшысының орынбасары Алексей Оверчуктың кездесуінде Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің салық органдарының ынтымақтастығы және Ресей Федералдық салық қызметінің (ФСҚ) Еуразиялық экономикалық комиссиямен (ЕЭК) өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Тигран Давтян Комиссияның мамандары 14 сәуірде тауарлардың және қызметтер көрсетудің электрондық саудасына салық салуды реттеу саласындағы ұлттық заңнама мен әлемдік тәжірибеге шолу жасалатын электрондық саудаға (e-commerce) салық салу бойынша семинар өткізуді жоспарлап отырғаны туралы хабардар етті. Іс-шара қорытындылары бойынша электрондық саудаға қатысты салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру мақсатында ақпарат алмасуды жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастырылатын болады.

Тигран Давтян салық саласындағы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықтың басым бағыттары туралы айта келіп, ЕЭК-тің Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен, Салық және инвестициялар жөніндегі халықаралық орталықпен, Еуропааралық салықтық әкімшілік ұйымымен, Еуропалық салық консультанттары конфедерациясымен салық саясаты саласында белсенді диалогты дамытатындығын хабарлады.

Алексей Оверчук, өз тарапынан, ресейлік салық органдары тарапынан ақпарат алмасу саласында ынтымақтастыққа дайын екендігін жеткізді, сондай-ақ Ресей ФСҚ өкілдерінің интеграциялық іс-шараларға қатысуға қызығушылығы жоғары екендігін айтты.

Анықтама
Салық саясаты және әкімшілендіру бойынша консультативтік комитет Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 15 наурыздағы № 13 шешімімен құрылды.

Комитет 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың XVII бөліміне сәйкес Салық саясаты, өзара саудада салықты өндіріп алу механизмін жетілдіру  мәселелері бойынша Комиссияның консультативтік органы болып табылады. Комитеттің құзыретіне мүше мемлекеттердің салық саясаты және әкімшілендіру саласындағы бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу және іске асыру мәселелері бойынша консультациялар жүргізу де жатады.