Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мәжілісі болып өтті

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мәжілісі болып өтті

24.04.2013

23 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің кезекті мәжілісі болып өтті. Мәжіліс барысында интеграция мен макроэкономика, сауда, кедендік ынтымақтастық, техникалық реттеу, өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік кешендер саласындағы бірқатар шешімдер қабылданды.

Атап айтқанда, ЕЭК Кеңесі терефтал қышқылы және оның тұзына қатысты Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелім бажының мөлшерлемесін белгілеу туралы шешім қабылдады. 2013 жылдың 1 мамырынан 2014 жылдың 30 сәуірін қоса алғанда өнімдердің бұл түріне кедендік әкелім бажының мөлшерлемесі кедендік құнның 0 пайызын құрайды.

ЕЭК-ның Сауда бойынша Алқа Мүшесі (Министрі) Андрей Слепневтің айтуына қарағанда, «бұл шара терефтал қышқылының шикізаттары болып табылатын полиэтилентерефталаттың (ПЭТФ) іс жүзіндегі өнеркәсіптік қуаттылығының кеңеюін қолдайды». «Қазір біз бұл шикізаттың Кеден одағының ішкі нарығында тапшылығын байқаймыз», - деп түсіндірді Кеңестің шешімін Министр.

Ресейдің ДСҰ-ға қосылуы бойынша тарифтік міндеттемелер кедендік бағалардың 5 %-ын құрайды.

ЕЭК Кеңесі арнайы кедендік тәртіптер орнату мүмкін болуына қатысты, және олардың осындай кедендік тәртіптерге сыйғызу жағдайларына қатысты тауарлардың санаттарының тізбесіне бірқатар өзгертулер енгізді. Бұндай тауарларға атап айтқанда, спорт керек-жарақтары мен жабдықтар жатады.

Сондай-ақ, АӨК саласындағы мемлекеттік басқарудың ұлттық органдарымен бірге Еуразиялық экономикалық комиссияның жетілдірілген аграрлық блогымен, Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің келісілген агроөнеркәсіптік саясатының Тұжырымдамасының жобасы қаралды. Бұл құжатта тұңғыш рет Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістігіндегі ауылшаруашылығы мәселелерін үйлестіру бойынша жүйелі шаралар ұсынылып отыр. ЕЭК Кеңесі жобаны қолдады және оны 2013 жылдың мамырында мемлекет басшылары деңгейінде болатын Еуразиялық экономикалық Жоғары кеңесінің кезекті мәжілісінде қарауға енгізу керек деп шешті.