Жүйеге кіру
ЕЭК кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментінің директоры Рустам Ақбердин VI Астана экономикалық форумы алаңының «Қазақстандағы кәсіпкерлік: қақтығыстар мен мүмкіншіліктер» панельдік сессиясына қатысты.

ЕЭК кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментінің директоры Рустам Ақбердин VI Астана экономикалық форумы алаңының «Қазақстандағы кәсіпкерлік: қақтығыстар мен мүмкіншіліктер» панельдік сессиясына қатысты.

24.05.2013

23 мамырда ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Рустам Ақбердин VI Астана экономикалық форумы алаңының «Қазақстандағы кәсіпкерлік: қақтығыстар мен мүмкіншіліктер» панельдік сессиясына қатысты. ЕЭК Төрағасы Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясындағы кіші және орта бизнес жағдайына салыстырмалы талдау жүргізу үшін қолданылатын әдістемелік тәсілдерді дайындау бойынша Комиссияның жұмысы туралы әңгімелеп берді.

Өз сөзінде Рустам Ақбердин, Кеден одағына мүше елдердің аумағында кіші және орта бизнесті дамыту БЭК жұмысының басымды бағыттарының бірі болып саналады, өйткені ол ұлттық экономикалар үшін жаңа жұмыс орнын құрудың жағдайларын қалыптастырады, яғни ол үш елдің бюджетіне қосымша кіріс көзін ашады деген сөз, деп атап өтті. Осыған байланысты БЭК және КО мүше мемлекеттерде кіші және орта бизнестің (КОБ) дамуының статистикалық көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жасайды.

ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Рустам Ақбердин атап өткендей, халықаралық рейтингтерді талдау КОБ-тың даму жағдайы біздің елдерімізде әртүрлі, және Беларусь, Қазақстан мен Ресейдің экономикалық талаптарына жалпы сай келмейтінін көрсетеді. Әсіресе «Халықаралық сауда», «Құрылысқа рұқсат алу» және Doing businessке «Электрмен қамтамасыз ету жүйесіне қосылу» көрсеткіштері алаңдатады, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің бәсекеге қабілеттілігінің жаһандық индекстегі рейтингтері өте жоғары емес. «Жоғарыда аталған рейтингтерде біздің елдеріміздің алған орны белгілі бір шамада Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының экономикалық көрсеткіштеріндегі КОБ-тың орташа позиция алуымен түсіндіріледі», - деп ескерді ЕЭК өкілі.

Атап айтқанда, үш елдің ЖІӨ-дегі үлесі жалпы бірдей, орта есеппен алғанда 20% (РФ-да – 21,3%), ал ол дамыған елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен көрсеткіш болып табылады. Мысалы, ЕО елдерінде осындай көрсеткіштер 2012 жылы 60%-ды құрады, ал АҚШ-та 2011 жылы – 44% болды.

КО мен БЭК-ке мүше мемлекеттердің экономикасында КОБ кәсіпорындарының өнім шығару көлемінің жалпы өсу процесі бар, ол әсіресе көбіне РФ-да байқалады. Бірақ осы көрсеткішті 1 кәсіпорынға шаққанда өсімнің жоғары қарқынын Беларусь Республикасының КОБ-ы көрсетеді, ал Қазақстанда шамалы төмендеу байқалады. Үш елде де КОБ көп жағдайда бөлшек және көтерме саудада, құрылыста, өңдеуші өнеркәсіпте көрсетіледі.

ЕЭК өкілі КОБ-тегі еңбек ақы деңгейі бүтіндей КО елдері бойынша рентабельдік және орташа санақ көрсеткіштері сияқты еңбекақының орташа деңгейінен төмен деп баяндады. Оған қарамастан, 2009-2011 жж. кезеңінде КОБ кәсіпорындарының саны КО мен БЭК-те өсті.

ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментінің директоры Рустам Ақбердин, салыстырмалы талдаудың берілген нәтижелері жұмыс жалғастырылып жатқандықтан алдын ала берілген нәтижелер болып табылады, деп атап өтті. Сонымен қатар, әдіснамалық маңызды мәселелердің бірі үш елде әлі өзара бір-бірінен айырмашылығы бар КОБ критерийлерін салыстыруды қамтамасыз ету болып табылады.

ЕЭК өкілінің айтуы бойынша, КОБ реттегіш ортаның сапасына, экономиканы мемлекеттік басқарудың әртараптандыру деңгейіне әсіресе дәстүрлі түрде сезімталдық танытады, және айтарлықтай ірі бизнес мемлекеттік құрылымдармен өзара байланыстың тиімді механизмдеріне мұқтаж. Осыған байланысты ЕЭК КО мен БЭК-тің бірыңғай ұлттықтан жоғары реттеуші органы ретінде осы бағытта айтарлықтай жұмыстар жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, ЕЭК-ның Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаменті шешімдерді міндетті қабылдаумен және бизнес өкілдерін ақпараттандырумен ұлттықтан жоғары деңгейде кәсіпкерлердің шағымдарын қарау механизмін жолға қойды. Бұдан басқа, үш елдің бизнесі үшін оларда артық әкімшілік кедергілердің болуына қатысты ЕЭК-ның нормативтік-құқықтық актілер жобаларының реттеушілік ықпалын бағалау жүргізіліп жатыр.

БР, ҚР мен РФ бизнес-қоғамдастықтарымен тікелей диалог орнатылған. ЕЭК Экономика және қаржы саясаты бойынша Министрі Тимур Сүлейменовтың төрағалық етуімен Тараптардың мемлекеттік органдарының өкілдерін, бизнес-ассоциациялар өкілдерін және тәуелсіз сарапшыларды қатыстыра отырып, Кәсіпкерлік мәселелер бойынша Консультативтік комитетінің отырысы өткізіліп тұрады, онда КО мен БЭК-тегі кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері қаралады және ЕЭК тарапынан оны реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындалады.

ЕЭК өкілі өз сөзін қорытындылай келе, форумға қатысушыларды Комиссиямен ынтымақтастықта болуға шақырды. «Біз сіздерден КО мүше елдерінде КОБ-ты дамыту мәселелері бойынша сындарлы ұсыныстар күтеміз», - деп ЕЭК өкілі сөзін аяқтады.