Жүйеге кіру
ЕАЭО салықшылары өзара саудада ҚҚС алу жөніндегі заңнаманы жетілдіруде

ЕАЭО салықшылары өзара саудада ҚҚС алу жөніндегі заңнаманы жетілдіруде

IMG_0621.jpg
24.05.2018

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) жанындағы Салық саясаты және әкімшілік жүргізу жөніндегі консультативтік комитет Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріндегі цифрлық (электрондық) экономика саласындағы салық салуға және салық әкімшілігін жүргізуге қойылатын біркелкі тәсілдемелерді қағидатты түрде мақұлдады. Кездесудің қатысушылары ЕАЭО-ның салық саясаты мәселелеріне жетекшілік жасайтын ұлттық мемлекеттік органдарының басшылары мен сарапшылары болды. Іс-шара Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықовтың төрағалығымен 22 мамырда Астанада (Қазақстан Республикасы) өтті.

«Экономикалық процестерді цифрландыру салық әкімшілігін жүргізудің жаңа механизмдерін әзірлеу мен қолдану қажеттігін алға тартады. Осыған байланысты ЕАЭО-дағы цифрлық (электрондық) экономика саласындағы салық салуға және салық әкімшілігін жүргізуге қойылатын біркелкі тәсілдемелер қағидатты түрде мақұлданды. Бірінші кезеңде Одақта қызметтер көрсетудің электрондық саудасы шеіңберінде қызметті жүзеге асыру кезінде ҚҚС алу мәселелері туралы сөз болады», - деп атап өтті Тимур Жақсылықов.

Отырыс барысында өзара саудада жанама салықтар алу саласындағы ЕАЭО заңнамасын жетілдіру жөніндегі мәселелер блогы қаралды. Оның қатысушылары ЕАЭО туралы шартқа № 18 қосымшаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды келісті. Бұл ұсыныстар жүйелендіріліп, Одақ туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жиынтықтаушы жұмыс тобының қарауына жіберіледі.

Мүше мемлекеттердің салық органдары арасындағы ақпарат алмасу, соның ішінде жанама салықтардың төленген сомалары туралы, Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалану мүмкіндігі мәселелері талқыланды.

Отырысқа қатысушылар ЕАЭО елдері арасындағы саудада салық салумен байланысты әкімшілік кедергілерді де талқылады. Олардың арасында – мемлекеттерден Беларусь Республикасына әкелінетін өсімдік шаруашылығы өнімдеріне қатысты ҚҚС-тың төмендетілген ставкасын (10%) қолдану, Қазақстан Республикасының оның аумағынан ЕАЭО-ның басқа елдеріне көмір әкету кезіндегі ренталық салық алуы, Қырғыз Республикасында бақылау бағаларының ең төмен деңгейін және мүше мемлекеттерден тауар әкелу үшін әкімшілік жауапкершілік қолдану бар.

 Консультативтік комитеттің кезекті отырысын биылғы екінші жартыжылдықта Минскіде (Беларусь Республикасы) өткізу жоспарлануда

Анықтама

Салық саясаты және әкімшілік жүргізу жөніндегі консультативтік комитет ЕЭК Алқасының 2012 жылғы 15 наурыздағы № 13 шешімімен құрылды. Оның төрағасы - Комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр). Комитет салық саясаты, өзара саудада салықтар алу механизмін жетілдіру мәселелері бойынша ЕЭК-тің консультативтік органы болып табылады. Оның құзыретіне ЕАЭО елдерінің салық саясаты және әкімшілік жүргізу саласындағы бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу және іске асыру жөнінде консультациялар жүргізу де жатады.