Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық комиссия қаржылық қызметтер көрсетуді тұтынушылармен диалогқа дайын

Еуразиялық экономикалық комиссия қаржылық қызметтер көрсетуді тұтынушылармен диалогқа дайын

24.06.2016

23 маусымда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінде және Қытай Халық Республикасында (ҚХР) қаржылық қызметтер көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі 1-інші халықаралық конференцияда оған қатысушылар тұтынушылармен өзара іс-қимыл форматын және қазіргі проблемаларды талқылады. ЕЭК іс-шараның тең ұйымдастырушысы болды.

Құттықтау сөзінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі) Тимур Сүлейменов, «ЕАЭО, ШЫҰ базасында және Жібек жолы Экономикалық белдеуі жобасында сауда-экономикалық әріптестік өңірдің экономикасын қарқынды және орнықты етеді. Бұл ретте, қазірдің өзінде қаржылық қызметтер көрсетуді тұтынушылар бірлескен еуразиялық қаржы нарығында белсенді түрде өзара іс-қимыл жасауда, бұл ЕАЭО шеңберінде қаржылық ағартушылық мәселелеріне және қаржылық қызметтер көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше маңыз береді» деп атап өтті.

Конференцияның мақсаты қаржылық қызметтер көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында еуразиялық кеңістіктегі экономикалық ынтымақтастықты нығайту және озық тәжірибемен алмасу болды.

ЕЭК Қаржы саясаты департаментінің директоры Бембя Хулхачиев айтқандай, қаржы нарығына қатысушылардың лицензияларын өзара тану ЕАЭО-да ортақ қаржы нарығын қалыптастырудың квинтэссенциясына айналады. Оны 2025 жылға қарай құру ішкі инвестор институтын дамытуды ерекше өзекті етеді, ол үшін барынша қолайлы жағдай жасаудың және оның құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз етудің маңызы зор.

РҒА ӘЭХҚИ Капиталдың халықаралық нарықтары бөлімінің меңгерушісі Яков Миркиннің айтуынша, әрбір 10-15 жылда дамушы елдердің нарықтарында дағдарыс құбылыстары байқалады. Осы жағдайда инвесторларды тарту көптеген жағдайда басымдықтардың біріне айналатын, олардың өздерінің қорғалуына сенімді болуына байланысты болады.

РФ Қаржылық омбудсмені Павел Медведев бүгінде орын алып отырған бірқатар проблемаларды атап өтті. Мысалы, Ресейдегі қаржы омбудсмені мәртебесі осы күнге дейін заңнамалық деңгейде расталмаған. Сонымен қатар негізгі проблемалар арасынан Медведев ресейлік банк клиенттерінің, соның ішінде, қаржы мекемелеріндегі депозиттері мен кредиттеріне қатысты жеткілікті қорғалмауын атап көрсетті.

Армения Орталық банкі төрайымы Армине Мкртчян инвесторлардың және қаржылық қызметтер көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы банк жұмысы туралы айтып берді. Ең алдымен, бұл - халықтың қаржылық сауаттылығына: оқушылардан бастап, түрлі жас шамасындағы топтарды қоса алғанда білім беру бағдарламаларына кешенді тәсілдеме. Арменияның ОБ тұтынушылардың мінез-құлқы туралы зерттеулер жүргізеді және түрлі қаржылық институттарда клиенттерге қызмет көрсету сапасын тексеру үшін «құпия сатып алушы» әдістемесін пайдаланады.

Қазақстанның Ұлттық банкі өкілі Айсұлу Байбағысова елде соларға қатысты 2008 жылдан бастап барынша қолайлылық режимі әрекет ететін ипотекалық қарыз алушылармен жүйелі түрдегі жұмыс туралы айтып берді. Қазақстанда ұлттық валютаның құбылмалы бағамына көшуге байланысты Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды, кірісі жоқ адамдарға шетелдік валютада кредит беруге тыйым салынған. Соымен қатар үй-жайды жалға алу қоры құрылды, ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және т.б. қайта қаржыландыру үшін банктерді қосымша қорландыру жұмыс істейді.

Инвесторларды қорғау жөніндегі Қытай мемлекеттік қорының өкілдері қаржылық инвесторлардың құқықтарын қорғау сапасын бағалау және қызметтер көрсетуді ұсыну сапасын жақсарту бойынша «шұғыл желі» жұмысын бағалау жүйесінің жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті.

Конференцияның қарарында инвесторлардың және қаржылық қызметтер көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында ЕАЭО мемлекеттерінің реттеушілері мен қоғамдық ұйымдарының тығыз үйлесімді жұмысының қажет екені атап өтілді, ЕАЭО ортақ қаржы нарығын құру үшін осы саладағы бірлескен қызметтің маңызды рөлі де атап көрсетілді.