Жүйеге кіру
ЕЭК Министрі Нұрлан Алдабергенов Ресейдің ФМА Алқасының Мерейтойлық отырысында баяндама жасады

ЕЭК Министрі Нұрлан Алдабергенов Ресейдің ФМА Алқасының Мерейтойлық отырысында баяндама жасады

24.09.2015

23 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа Мүшесі (Министрі) Нұрлан Алдабергенов Федералдық монополияға қарсы қызметтің Алқасының мерейтойлық отырысында – «Ресейдегі бәсекелестік аптасы» атты халықаралық конференцияда баяндама жасады.

Іс-шараны Ресей Федерациясының Президенті Владимир ПутинаштыӨзінің баяндамасында ол, «экономикалық бәсекелестік маңызды, жалпы адамшылдық, қоғамдық, мемлекеттік өлшемдеӨйткені, бәсекелестік нарықтар дегеніміз неОл – тұтынушы, яғни сатып алушы, аса жоғары сапалы, әрі қағидатты түрде әділетті бағамен сатып алу мүмкіншілігі болатын нарық» атап айтып өтті.

Халықаралық конференцияға ЕЭК Кеңесінің мүшесі, РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Игорь Шувалов, Атқарушы комитеттің төрағасы – ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедев, РФ Министрі Михаил Абызов, РФ Мемлекеттік Думасының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі Комитетінің төрағасы Анатолий Аксаков,Ресей ФМА басшысы Игорь Артемьев, РФ билік органдарының, сондай-ақ басқа да 18 шетелдік бәсекелестік жөніндегі ведомстволарының басшылары, солардың ішінде, Австрияның Федералдық бәсекелестік ведомствосының Бас директорыТеодор Таннер, Бразилияның экономикалық бәсекелестікті қорғау жөніндегі Комиссиясының Мүшесі Марсио де Оливейра Хуниор, Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік сауда-өнеркәсіптік әкімшілік басқармасының Вице-Министрі Лю Юйтин, Оңтүстік Африка Республикасының Бәсекелестік жөніндегі Комиссиясының жетекшісі Тембинкоси Бонакелеқатысты.

Өзінің баяндамасында Нұрлан Алдабергенов Ресейдің ФМА Еуразиялық экономикалық одақтың бәсекелестік саясатын қалыптастыруға және дамытуға, трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын, соның ішінде нарықтарды трансшекаралыққа жатқызу критерийлерінің сақталуын бақылауға қажетті болатын ЕЭК нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қосып отырған зор үлесін айтып өтті.

ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Министр Беларусьтің, Қазақстан мен Ресейдің мемлекет басшылары бекіткен «Бәсекелестік туралы» Модельдік заңының нормаларын ЕЭО мүше мемлекеттердің, соның ішінде Қырғызстаның ұлттық заңнамаларына имплементациялау ісі аяғына жеткізілгендігін хабарлады.

Комиссияның өкілі халықаралық конференцияға қатысушыларды ЕЭК пен монополияға қарсы органдардың бастамасымен Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) ұялы байланыс операторлары ЕЭО ішінде операторлар аралық келісімдерді өзгерту және роумингілік тарифтерді төмендету бойынша келіссөздер жүргізіп отырғандықтары жайла хабардар етті. Келіссөздердің нәтижесінде 2015 жылдың 16 қыркүйегінен бастап «ВымпелКом» ПАҚ (Beeline) Арменияда, Беларусьте, Қазақстанда және Қырғызстанда роумингтегі дауыстық қызметтердің базалық тарифтерін 6 есеге, яғни бір сөйлесу минутына 49 рубльдан 8 рубльге дейін төмендетті.

Сонымен қатар, Нұрлан Алдабергенов ЕЭО кеңістігінде құқықтардың шектелуінің халықаралық қағидатына көшу, тауарлардың кейбір түрлеріне, соның ішінде дәрілік заттарға, автомобильдің қосалқы бөлшектеріне және парфюмерлік-косметикалық өнімдерге бағалардың төмендеуіне мүмкіндік беретіндігін мәлімдеді. ЕЭК спикері ең алдымен мынадай тауар топтарына құқықтардың шектелу халықаралық қағидатын қолданған жөн екендігін пайымдап отыр: медициналық техника, дәрілік заттар, станоктар мен жабдықтар, автомобиль қосалқы заттары, электр және тұрмыстық техника, киім-кешек заттары мен киім-кешекке арналған нәрселер, парфюмерлік-косметикалық өнімдер, ойыншықтар, ойындар мен спорттық керек-жарақтар.

Сонымен қатар ЕЭК Министрі маршруттар бойынша әуе қатынастарына арналған тарифтерде елеулі ауытқулар туралы да хабардар етті. Нұрлан Алдабергеновтың айтуынша, Мәскеу – Астана, Мәскеу – Қарағанды және Алматы – Казань рейстерінің құны 60% құрайды.

Нұрлан Алдабергенов ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу саласындағы қызметінің негізгі бағыттары – бәсекелестіктің ахуалын мониторингілеу және тауар нарықтарын зерттеу, бәсекелестіктің ережелерін бұзушылықтарды тергеу және солар туралы істер қозғау, мемлекеттік сатып алулардың айқындығына және әділеттігіне жасалатын бақылауды жетілдіру әрі жүзеге асыру, ЕЭО-да трансшекаралық мемлкеттік сатып алуларға ықпал ететін тосқауылдарды кеміту, жаңашыл АТ-технологияларға көшу және мемлекеттік сатып алулар саласындағы статистикалық қадағалаулардың көрсеткіштерін үйлестіру болып отырғандығын еске салды.

Өзінің баяндамасын аяқтай отырып, ЕЭК өкілі Федералдық монополияға қарсы агенттікті тығыз ынтымақтастық үшін ризашылығын білдіріп, ЕЭО мүше мемлекеттердің аумағында келісілген бәсекелестік ортаны қалыптастыруда жетістікке жетуді тіледі.