Жүйеге кіру
ЕЭК ауыл шаруашылығы саласында Мажарстанмен ынтымақтастықты дамытады

ЕЭК ауыл шаруашылығы саласында Мажарстанмен ынтымақтастықты дамытады

24.09.2019
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы 23 қыркүйекте өнеркәсіп, халықаралық ынтымақтастық, сауда, цифрландыру, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ішкі нарығының жұмыс істеуі, кедендік реттеу саласындағы мәселелерді қарады.

ЕЭК Алқасы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастық туралы ЕЭК пен Мажарстан Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру жөніндегі 2019-2023 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын мақұлдады.

Жоспарда ЕЭК пен Мажарстан Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, бірлескен конференциялар, семинарлар, мал шаруашылығы мен жануарлардың денсаулығын қорғау, өсімдік шаруашылығы және өсімдіктерді қорғау, ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы, жобалау қызметі, ауыл шаруашылығының цифрлық трансформациясы сияқты қызмет бағыттары шеңберінде консультациялар ұйымдастыру мен өткізуге бағытталған іс-шаралар көзделген.

Тараптар ақпарат, тәжірибе және білім алмасуды, ЕЭК, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Мажарстан өткізетін іс-шараларға қатысуды, сондай-ақ консультативтік және әдістемелік көмек көрсетуді жоспарлауда.

Жоспарды іске асыру Одақтың аграрлық нарығының тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеуге, озық Еуропалық тәжірибені ескере отырып, мүше мемлекеттердің өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы саласындағы заңнамасын және нормативтік-құқықтық базасын жетілдіруге, тамақ өнімін өңдеудің жаңа технологияларын зерделеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Мажарстанның экономиканың аграрлық секторына цифрлық технологияларды ендіру жөніндегі тәжірибесін зерделеу жоспарлануда.

Меморандум үшінші тараппен диалогты институционалдандыру жөніндегі алғашқы қадам болып табылады. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу, саудадағы тосқауылдарды анықтау мен жою үшін алаңша құрылады. Меморандум шеңберінде жұмыс тобы қалыптастырылуы мүмкін. ЕАЭО елдері мен әріптес мемлекеттер бірлескен іс-шараларды, консультацияларды, бизнес-форумдарды тұрақты өткізеді. Мұндай форматтағы өзара іс-қимыл Одақ елдері мен әріптес мемлекеттер бизнесі өкілдері арасындағы тікелей байланысуларды жандандырады.