Жүйеге кіру
Тауарлардың, капиталдың, жұмыс күшінің және қызметтер көрсетудің еркін қозғалысы үшін жағдайлар жасау ЕАЭО мемлекеттерінің экономикалық өсуіне қуатты қозғау салды

Тауарлардың, капиталдың, жұмыс күшінің және қызметтер көрсетудің еркін қозғалысы үшін жағдайлар жасау ЕАЭО мемлекеттерінің экономикалық өсуіне қуатты қозғау салды

05.11.2019
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) хатшылығының басшысы Асқар Кішкембаев «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа бес жыл: Соттың рөлі» халықаралық конференциясында мәлімдеді. Іс-шара 19-20 қыркүйекте Минскіде (Беларусь Республикасы) өтті.

Асқар Кішкембаев конференцияға қатысушыларға 2010 жылғы 1 қаңтардан басталатын Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай кедендік тарифі мен Бірыңғай тауар номенклатурасын ендіру туралы шешімнен бастап, Еуразиялық интеграцияның құқықтық базасын қалыптастыру туралы айтып берді. Осылайша Беларусьтің, Қазақстанның және Ресейдің Кеден одағының жұмыс істеуі және үш ел тауарларының бірыңғай нарығы үшін құқықтық жағдайлар жасалды.

2014 жылы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шартқа қол қойылуына байланысты да қызметтер көрсету мен еңбек ресурстарының бірыңғай нарықтары қалыптастырылды.
«Бүгінде қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығы режимі 53 секторда қолданылады және туындайтын қызметтер көрсетудің 57%-ға жуығын қамтиды. 2025 жылға қарай қызметтер көрсетудің 63 секторында бірыңғай нарықтың жұмыс істеуі стратегиялық мақсат болып табылады»,- деп атап өтті Асқар Кішкембаев. 

Ол Комиссияның Одақ шеңберінде капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін нормативтік-құқықтық база қалыптастыру жөніндегі жұмысына айрықша тоқталды. Ортақ қаржы нарығын 2025 жылы іске қосу жоспарлануда.

ЕЭК өкілі Комиссияның ЕАЭО еңбекшілерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім жобасымен жұмысты аяқтап қалғанын атап көрсетті. Құжат Одақта еңбекшілердің зейнетақы құқықтарын қалыптастыруға, сақтауға және іске асыруға мүмкіндік береді.

Комиссияның және ЕАЭО мемлекеттерінің басым міндеттерінің бірі Одақ ішінде өзара сауданы дамыту үшін кедергілерді, тосқауылдарды және шектеулерді жою, қатысушы елдердің бизнесі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

«Тауарлардың, капиталдың, жұмыс күшінің және қызметтер көрсетудің еркін қозғалысы үшін жағдайлар жасау ЕАЭО мемлекеттерінің экономикалық өсуіне қуатты қозғау салды. Одақ елдері бүгінде ЖІӨ өсуінің, өнеркәсіп өндірісінің, сыртқы және ішкі сауданың оң қарқынын көрсетіп отыр. Тауар айналымы құрылымының өзгеруі, онда шикізатпен сауда үлесінің азаюы және аралық тұтыну үшін, сол сияқты түпкілікті тұтыну үшін өңделген өнім үлесінің дәйекті өсіп отырғаны да неғұрлым маңызды»,- деп түйіндеді Асқар Кішкембаев.