Жүйеге кіру
Қырғыз Республикасында «Еуразиялық цифрлық платформалар» инновациялық жобалар халықаралық конкурсының жартылай финалы жеңімпаздары айқындалды

Қырғыз Республикасында «Еуразиялық цифрлық платформалар» инновациялық жобалар халықаралық конкурсының жартылай финалы жеңімпаздары айқындалды

победители 24.jpg
24.09.2019
Қырғыз Республикасында 2019 жылы «Еуразиялық цифрлық платформалар» инновациялық жобалар халықаралық конкурсының жартылай финалы жеңімпаздары E-Agro-Map (электрондық ауыл шаруашылығы карталары), «Вэст Азия» (өндірістік учаскедегі сәйкессіздік пен ақаулықты тіркеудің цифрлық жүйесі) және MyCargo.su (ЕАЭО мемлекеттеріндегі жүк тасымалдары үшін маркетплейс) болды.

«Біздің конкурсымыз Одақ елдерінде цифрлық трансформация саласындағы тәжірибе алмасу алаңын білдіреді. Цифрлық өзгерістерге бару жолында әрбір мемлекеттің төл ерекшеліктері мен жетістіктері қалыптасты. Мысалы, Қырғыз Республикасы қазір электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуге, сондай-ақ замани инфрақұрылым түзуге ерекше мән беріп отыр. Біздің конкурсымыз мемлекетаралық деңгейде таңдаулы практикалармен алмасуға, экономикалық қызметтің әртүрлі саласында мемлекетаралық цифрлық экожүйе қалыптастыруға ықпал етеді»,- деп мәлімдеді Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Хажак Караян.

Қырғыз Республикасындағы «Еуразиялық цифрлық платформалар» инновациялық жобалар халықаралық конкурсының жартылай финалы Бішкекте VII Қырғызстан ақпараттық технологиялар форумы (КАТ-2019) шеңберінде 24 қыркүйекте болып өтті.

Қырғыз Республикасынан конкурсқа 53 инновациялық жоба (10 жоба – өнеркәсіп бойынша, 17 – ауыл шаруашылығы бойынша, 26 – сауда бойынша) қатысты. Іріктеу турында қазылар алқасының ең жоғары бағасын алған 10 жоба жартылай финалға шықты.

Үш жоба жартылай финалда жеңді және конкурстың финалына қатысады. Бұлар - E-Agro-Map, «Вэст Азия» және MyCargo.su.

E-Agro-Map – электрондық ауыл шаруашылығы карталары. Фермердің электрондық картасы алқаптың шекарасын айқындауға, 33 ауыл шаруашылығы дақылын отырғызу мүмкіндігін бағалауға, өңдеуші және сауда компанияларымен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Жоба тәуекелдерді, өндірістік және көлік шығыстарын қысқарту мақсатында шешімдер қабылдауды оңтайландыруға жәрдемдеседі.

Команданың негізгі қатысушылары: электрондық ауыл шаруашылығы карталарын дамыту жұмысын үйлестіруші Евгений Рязанов (сондай-ақ жобаның тұжырымдамасы, мазмұны және ілгерілету үшін жауапты), Айжана Табышева (картаны ақпаратпен толықтыру, әкімшілік ету және ілгерілету) және Бахтиёр Бахриддинов (картаны әзірлеу және жаңарту).

«Вэст Азия» – өнеркәсіп саласындағы жоба, өндірістік учаскедегі сәйкессіздік пен ақаулықты тіркеудің цифрлық жүйесі. 
Бұл жүйе техникалық қызметке (өзінің немесе қашықтағы) түсетін өтінімдерді бақылауға, жүйелеуге, қадағалап байқауға, талдауға және архивтеуге мүмкіндік береді. Ол жабдықтың ақаулығын талдауға арналған құралды білдіреді және шынайы деректер негізінде шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, өтінімдерді орындау мерзімінің мониторингі мен кері байланыс техникалық қызметтің немесе қызмет көрсетуші компанияның сервисін елеулі жақсартуға көмектеседі.

Жүйенің қолданылу саласы тек өндірістік жабдық, конвейер желілері, қазандық және жылу пункттері ғана емес, сонымен бірге су құбырлары, электрмен қамтамасыз ету, кәріз, жылу жүйелері болуы мүмкін. Жүйе мектептер, жоғары оқу орындары, ТМС және инженерлік жүйелерге қызмет көрсету талап етілетін басқа объектілер үшін де қызықты болуы ықтимал.

Команданың негізгі қатысушылары: директордың орынбасары Илья Смиренский (IT саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар) мен бас инженер Юрий Ломаев (энергиямен, жылумен және сумен қамтамасыз ету (энергия ресурстары) саласында 35 жылдан астам тәжірибесі бар). 

Mycargo.su – сауда саласындағы жоба, ЕАЭО мемлекеттеріндегі жүк тасымалдары үшін маркетплейс. Портал жүк жіберуші, алушы және жүк компаниялары арасындағы байланысты жеңілдетуді мақсат тұтады. Жобаның мақсаты – жүк тасымалдаушыларды өтінімдермен қамтамасыз ету және жүк жөнелтушілер үшін тарифтерді барынша азайту.

Бұдан әрі сервиске жүк автомашиналарының геолокациясы, қатысушыларды верификациялау, рейтингпен бағалау жүйесі және жедел жүктердің биржасын құру сияқты қызметтер көрсету түрлері қосылатын болады. 

Платформа жүк алушыларға жүк құнын 20%-ға дейін үнемдеуге көмектеседі, бұл өндіріс шығындарын азайтуға жеткізеді. Өз кезегінде жүк алушылар табысын 40%-ға дейін арттыра алады, деп атап өтеді жоба авторлары. 

Команданың негізгі қатысушылары: IT-директор Алексей Медведев пен бас директор Талант Исманов.

Анықтама
Қырғыз Республикасында конкурстың жартылай финалына қатысқан басқа жобалар:
 
«ОЙМО-ХэндМейд» – сауда саласындағы жоба, қолөнершілер үшін маркетплейс. «ОЙМО-ХэндМейд» сайтында әртүрлі елдің шеберлері авторлық жұмыстарын өз бетінше орналастырып және сатып алушыларымен тікелей тілдесе отырып, жаңа өткізу нарықтарын табуы мүмкін.

Сайт әртүрлі мемлекеттің қолөнершілері мен сатып алушылары арасындағы лингвистикалық тосқауылдарды алып тастай отырып, тауардың сипаттамасын кез келген жаңа тілге автоматты түрде аударады. 


Жобаның авторы, басшысы және әкімшісі – Оксана Бедаш (Росинбанкте PR-қызметті басқарған бес жылдық тәжірибесі бар). 

Mod Industry – өнеркәсіп саласындағы жоба, жоғары технологиялардың дамуы үшін платформа-сыныптауыш.
Mod Industry шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың топталымдарының жаңғыртылған әлеуеттеріне сыныптар беру арқылы өңдеуші өнеркәсіп саласына нашар өндірістік технологиялардың еніп кетуін болдырмайды.


Бұдан басқа, платформа жобалық пакетті тұжырымдау және оны Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісінің ұлттық серверіне бағыттау жолымен компанияларға жоғары өндірістік технологиялар тарту алгоритмін береді.

Жобаның негізгі қатысушылары: идея авторы және жоба жетекшісі, э.ғ.д. Марат Кудайкулов, жобаның ғылыми консультанты, э.ғ.д. Кайсын Хубиев, жоба әдіснамашысы, э.ғ.к. Турусбек Асанов және IT-команда жетекшісі Тилек Асанов.


Чарба.kg – ауыл шаруашылығы үшін маркетплейс. Өндірушілер, сатып алушылар және делдалдар үшін – шикізаттан бастап түпкілікті өнімге дейін - кез келген агроөнімнің қауіпсіз саудасы үшін онлайн-платформа және маркетплейс. Платформа кепілді қаржылық операцияларды тікелей жүргізуге, оңтайлы бағаның дәл талдамалы есебін алуға және деректерді болжауға мүмкіндік береді.

Негізгі қызметкерлері: Санжар Кубанычбеков (коммерциялық әзірлемеде бес жыл), Ибадулла Асадли (коммерциялық әзірлемеде екі жыл), Бердимурат Масалиев (бағдарламалауда он жыл тәжірибесі бар), Айдай Аликова (UX/UI-дизайнда үш жыл жұмыс тәжірибесі бар), Болотбек кызы Гульзада (бизнес-талдаудың екі жыл тәжірибесі), Лола Абдумаматова (проджект-менеджменттің төрт жыл тәжірибесі). .


«СмартАгро» – ауыл шаруашылығы саласындағы жоба, фермерлер үшін өткізу нарықтары, өнім берушілер, агрокредиттер және мемлекеттік қолдау туралы ақпараты бар мобильді қосымша. Фермерлер бұл қосымшаны елдің мобильді интернет бар кез келген нүктесінде агрономдардан, ветеринарлардан, банктер мен мемлекеттік органдардан консультациялар алу үшін пайдалана алады.


Бүгінде адамдардың бәрінде смартфон бар болғандықтан, мобильді қосымша фермерлер үшін ақпарат алудың ең ыңғайлы әрі оңтайлы нұсқасы болып табылады, деп атап өтеді жоба авторлары.

Команданың негізгі мүшелері: жоба жетекшісі Расул Тулеев, Ханзаада Ишенова (жобаны ілгерілетуге жауапты), Дастан Дунганов (әріптестермен және клиенттермен жұмыс) және жоба-менеджер Рахат Исабеков (биліктің мемлекеттік және муниципалды органдарымен жұмыс).

«Азык» – сауда саласындағы жоба, тауарлардың көтерме сауда тапсырыстары үшін онлайн-платформа. Шағын және орта бизнес үшін әзірленген платформа шығыстарды азайтып және сатуды арттыра отырып, өндірушілер мен сауда нүктелерін тікелей байланыстырады.


Негізгі қызметкерлері: СТО Нурсултан Алиев, мобильді және web-қосымшалардың UX/UI-дизайнері Рафаэль Салахов және CCO Айдар Джамалбеков.


УНО – сауда саласындағы жоба, өзінің интернет-дүкенін құруға мүмкіндік беретін кәсіпкерлер үшін тауарлардың электрондық сөресі. uno.kg қосымшасының көмегімен интернет-дүкен құру үш минут уақыт алады. Сөрелерді тауарлармен толтыру әлеуметтік желілердегі пост орналастыруға ұқсас. 

Негізгі қызметкерлері: Product Owner Манас Бексултанов (клиенттермен өзара іс-қимыл және бизнес-нәтижелер үшін жауапты), scrum-шебер Канат Кожогулов (команда жұмысы), Девлид Касымов Ильгиз (өнім сапасы), әзірлеуші Эрбол Кулубаев (backend-өнім логикасы) және әзірлеуші Данияр Арзыматов (қосымша үшін жауапты). 


«Менің Әріптесім» – сауда саласындағы жоба, әртүрлі елдерден, салалар мен санаттардан бизнес-әріптестер іздеу үшін мобильді қосымша. Мобильді қосымша кәсіпкерлер үшін жаңа бизнес-әріптестер табуға көмектеседі. Бұл ЕАЭО-ға қатысушы елдердің іскер адамдары үшін өзінше LinkedIn мен Tinder буданы. Сондай-ақ сервисте жарнамалық құрал бар, оның көмегімен жарнамалық кампанияларды іске қосуға болады. Бұл жарнамалық кампаниялардың артықшылығы - оларда бизнесшілерден тұратын сапалы тұтас аудиторияның шоғырландырылғаны.


Жобаның бастамашысы – Кубатбек Мамытов.


«Еуразиялық цифрлық платформалар» инновациялық жобалар халықаралық конкурсы - Еуразиялық экономикалық комиссия 2018 жылы ойдағыдай іске асырған, 2019 жылы іске асыратын және 2020 жылы іске асыруды жоспарлап отырған мемлекетаралық жоба.

Конкурстың мақсаты - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі Одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыруға маңызды үлес қосуға қабілетті компаниялар мен жобаларды анықтау.

Конкурс Одақ елдері экономикасының цифрлық трансформациясы саласындағы практикалық тәжірибені сараптау және алмасу үшін тұрақты жұмыс істейтін халықаралық алаң болуды мақсат тұтады. Ол консорциумдар пулы мен кооперациялық байланыстарды қалыптастыру процестерінің шапшаңдатқышы болуға тиіс, бұл цифрлық күн тәртібін іске асыруды айтарлықтай жылдамдатуға және экономиканың көптеген секторында Еуразиялық экожүйені қалыптастыруға жәрдемдесетін болады.


Мүдделілік білдірген тұлғалар конкурс туралы қосымша ақпаратты мына жерден алуына болады.