Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық одақта қызметтер көрсетудің тағы екі секторын ырықтандыруға дайындалуда

Еуразиялық экономикалық одақта қызметтер көрсетудің тағы екі секторын ырықтандыруға дайындалуда

24.10.2016

18 қазанда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысында аудит, есептілік және бухгалтерлік есеп саласындағы қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығын қалыптастыру бойынша ырықтандыру жоспарларының жобалары мақұлданды және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің оларды бекіту туралы өкімінің жобасы келісілді.

Аудит саласындағы Ырықтандыру жоспарының негізгі іс-шараларының бірі Еуразиялық экономикалық одақ аумағында аудиторлық қызмет туралы келісімнің жобасын әзірлеу болып табылады. Құжат аудиторлық қызметтер көрсетудің ортақ нарығын қалыптастыруға бағытталған, Одақтың кез келген мемлекетінің тұлғаларына аудиторлық қызметтер көрсетуді шектеулерсіз және алып қоюларсыз жеткізу әрі алу құқығын ұсынуды көздейді. Бұдан өзге, сөз аудиторлардың біліктілік аттестаттарын тану және бір мемлекеттің аудиторлық ұйымы берген аудиторлық қорытындыларды (есептерді) Одақтың екінші елінің аумағында тану туралы болып отыр. Қазіргі кезде Келісім жобасы бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. Оны 2017 жылы аяқтау бағамдалуда.

Жоспар жобасында кейінгі екі-үш жылда Одаққа мүше мемлекеттер заңнамасын Келісімге сәйкес келтіру көзделген. Бұдан басқа, Жоспарда Одақ елдерінде аудиторлық қызметті реттейтін органдардың тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, халықаралық аудит стандарттарына көшу көзделуде.

Ырықтандыру жоспарының жобасына сәйкес Одақтағы аудиторлық қызметтер көрсетудің ортақ нарығы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастайды.

Есептілік пен бухгалтерлік есеп жөіндегі ырықтандыру жоспарының жобасы Одақ елдерінің осы саладағы ұлттық нормативтік құқықтық актілерінің ережелеріне салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізуді көздейді. Алшақтықтарды анықтау қорытындылары бойынша мүше мемлекеттердің тиісті нормативтік базасын, соның ішінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын (ҚЕХС) қолдану бөлігінде үндестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу бағамдалуда.

Есептілік пен бухгалтерлік есеп жасау саласындағы қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығы 2021 жылы жұмыс істей бастайды деп жоспарланып отыр.

Түпкілікті Ырықтандыру жоспарларын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында ЕАЭО елдерінің Президенттері мақұлдайтын болады.

Бұрын Комиссия Кеңесі жекелеген қызметтер көрсету секторларының 18 ырықтандыру жоспарын қарап, мақұлдады. Солар бойынша Одақ шеңберінде бірыңғай нарық қалыптастыру ырықтандыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылатын қызметтер көрсету секторларының тізбесі ЖЕЭК-тің 2015 жылғы 16 қазандағы № 30 шешімімен бекітілді.