Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Тимур Сүлейменов: «Қаржылық интеграция нарықтардың көлемі, тереңдігі мен өтімділігі өсуі есебінен олардың дағдарыстық құбылыстарға неғұрлым орнықты болуына ықпал етеді»

ЕЭК министрі Тимур Сүлейменов: «Қаржылық интеграция нарықтардың көлемі, тереңдігі мен өтімділігі өсуі есебінен олардың дағдарыстық құбылыстарға неғұрлым орнықты болуына ықпал етеді»

24.10.2016

21 қазанда Веронада (Италия) V Еуразиялық форумда Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және сауда саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Сүлейменов Еуразиялық экономикалық одақтағы қаржылық интеграция туралы айтып берді.

ЕЭК өкілі мәлімдегендей, ынтымақтастықты дамытудың әлемдік экономикадағы дағдарыстық құбылыстардың келеңсіз салдарын еңсеру үшін зор маңызы бар. Еуразиялық экономикалық одақ Еуразиялық кеңістіктегі өңірлік интеграцияның локомотиві болып табылады, оның шеңберінде тауарлардың, қызметтер көрсетудің, жұмыс күші мен капиталдың еркін қозғалысы үшін жағдай жасалған.

Еуразиялық экономикалық одақ – бұл, ең алдымен, экономикалық бірлестік, оның мақсаты – қатысушы елдер экономикасының тұрақты дамуы, олардың бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін жағдайлар қамтамасыз ету.

2015 жылы Одақта қазірдің өзінде қызметтер көрсетудің 43 секторында жұмыс істейтін қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығы жұмысын бастады. Тағы 21 сектор ырықтандыру процесінде. Жиынтығында олар Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері ұсынатын қызметтер көрсету көлемінің 60%-ын құрайды.

ЕЭК министрінің айтуынша, Одақ елдерінің интеграциялық ынтымақтастығы басымдықтарының тағы бірі ортақ қаржы нарығын құру болып табылады. 2025 жылға қарай қаржы нарықтарында үндестіру процесін аяқтап, ұлтүсті реттеуші орган құру қажет. Валюталық құқықтық қатынастарды реттеуге қолданылатын келісілген тәсілдемелер және ырықтандыру шараларын қабылдау туралы келісімнің және Мүше мемлекеттердің қаржы саласындағы заңнамасын үндестіру туралы келісімнің жобалары дайындалды. Бұл құжаттар валюталық құқықтық қатынастарды реттейтін, қаржы саласындағы заңнаманы үндестіру үшін құқықтық негіз жасайды. ЕЭК тараптар үкіметтерімен бірге ЕАЭО мемлекеттері ортақ қаржы нарығын қалыптастырудың негізгі бағыттарын әзірледі.

«Сөз жоқ, ортақ қаржы нарығын құру ортақ нарық құрудағы жаңа кезеңнің басталуын, оны шын мәнінде ұлтүсті деңгейіне шығаруды білдіреді, - деген сенімде Тимур Сүлейменов. – Сайып келгенде, қаржы нарықтарын итеграциялау инфляция өсуінсіз әлеуетті ұлғайтуға және ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыруға, демек, экономиканы басқарушылықты арттыруға қабілетті қомақты экономикалық артықшылықтар алуды бағамдайды. Тұтастай алғанда қаржылық интеграция нарықтардың көлемі, тереңдігі мен өтімділігі өсуі есебінен олардың дағдарыстық құбылыстарға неғұрлым орнықты болуына ықпал етеді».

Одақта нақты интеграцияны дамыту азаматтардың еркін жүріп-тұруы үшін жағдай жасауды бағамдайды. Осы бағыттағы интеграцияның неғұрлым маңызды нәтижелерінің бірі 2015 жылы, мәні бойынша, Одақ ішінде жұмыс күші қозғалысының еркіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берген ортақ еңбек нарығының жұмыс істей бастауы болды. Мүше мемлекеттердің азаматтары үшін тең экономикалық құқықтар қамтамасыз етілді.

«Ортақ еңбек нарығының жұмыс істеуі саласындағы құқықтық қатынастарды қалыптастыру Одақ шеңберіндегі көші-қон процестерін жандандыруға септігін тигізді, - деп атап өтті ЕЭК Министрі. – Биыл ЕАЭО ішінде еңбек мигранттарының едәуір өсуі байқалады. Айталық, мысалы, еңбекшілерді қабылдайтын негізгі ел болып табылатын Ресейге бірінші жартыжылдықта жұмысқа орналасу үшін 2015 жылдың бірінші жартысына қарағанда одақ елдерінің 40%-ға көп азаматы келген. Қазақстанда осындай көрсеткіштің өсімі шамамен 25% құрады».

Бұдан өзге, еңбекшілердің ақша аударымдарын есепке алу еңбек көші қонының белсенділігі деңгейінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Отандарына аударатын және тасымалданатын ақшалай қаражаттың шынында да экономика үшін маңызы зор. Мәселен, сарапшылық бағалау бойынша, Қырғыз Республикасы үшін бұл көрсеткіш ЖІӨ-нің шамамен 30%-ын, Армения Республикасы үшін 15%-ын құрайды.

Тимур Сүлейменовтің пікірінше, қазіргі уақытта Комиссия мен тараптар әзірлеп жатқан «Мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қол қою халықтың әлеуметтік қорғалу деңгейін жоғарылатуға ықпал етеді. Оның негізгі мақсаты жұмысқа орналасу мемлекетінің азаматтары сияқты шарттарда және тәртіппен еңбекшілердің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру, сондай-ақ еңбекшілер зейнетақыларын тағайындаумен және экспорттаумен байланысты мәселелерді шешу болып табылады.