Жүйеге кіру
Вероника Никишина: «Бизнес - жалпы экономикалық кеңістікті құрудың негізгі қозғаушы күші»

Вероника Никишина: «Бизнес - жалпы экономикалық кеңістікті құрудың негізгі қозғаушы күші»

Фото-Верона.png
24.10.2019
Веронада (Италия) өткен XII Еуразиялық экономикалық форум аясында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Вероника Никишина «Қазіргі заманғы геосаясаттағы бизнестің сындарлы рөлі» сессиясында тез өзгеріп жатқан жалпыәлемдік конъюнктуре және оның бизнеске әсері туралы әңгімелеп берді.
 
ЕЭК Министрінің пікірі бойынша, жаһандану заманауи түрінде, ең алдымен, өз нарықтарын кеңейтуге, ойынның тұрақты және болжамды ережелерін қамтамасыз етуге, трансшекаралық сауда мен кооперативтің оңтайлы тізбектерін құруға ұмтылған бизнестің арқасында мүмкін болды. Сонымен бірге, қазіргі жағдайда протекционистік саясат күшейіп, нәтижесінде жаңа сауда кедергілері туындаған кезде, әлемдік нарықта жұмыс істейтін бизнеске үлкен соққы тиеді.
 
Министр бұрын тұрақтылықтың белгілі бір кепілдігі болғанын - барлығы соның шеңберінде жұмыс істеуге тырысқанын - ДСҰ ережелері мен сауда келісімдері болса, қазір бұл кепілгерлер шайқалуда, өзгерістер болып жатқанын, олардың нәтижелерін болжау қиын екенін атап өтті. 
 
«Біздің міндетіміз - кем дегенде, біздің континенттегі жағдайды қалай тұрақтандыруға әрекеттену. Біздің бизнеске болашаққа деген сенімділікті қалай арттыруға болады», - деді Вероника Никишина.
 
ЕЭК Министрінің пікірі бойынша, мұндай сұратуға айқын жауап халықаралық міндеттемелерде белгіленген ынтымақтастық үшін тұрақты жағдайлар жасау, жұмыс шарттары ұзақ мерзімге белгіленетін біртұтас экономикалық кеңістік құру болып табылады. «Іс жүзінде Лиссабоннан Владивостокқа дейінгі кеңістікті құру барлық қатысушылардың әл-ауқаты мен жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруы мүмкін, әсіресе әлемдік нарықтағы «эгоизм» жағдайында», - деді Вероника Никишина.
 
ЕЭК Министрінің пікірі бойынша, ЕАЭО мен ЕО арасындағы өзара іс-қимыл географиялық және логистикалық өзара байланысты, серіктестікте мол тәжірибеге және көбіне бірін-бірі толықтыратын экономикаға байланысты үлкен әлеуетке ие.
 
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Еуропалық одақпен осындай экономикалық кеңістікті құру мүмкін еместігіне қарамастан, саяси тұрғыдан алғанда, ЕО-мен ынтымақтастықты дамыту қажет, деді ЕЭК Министрі. «Еуразиялық экономикалық комиссияның ЕО мен ЕАЭО тәжірибелік қатынастарынан пайда алу үшін жеткілікті құзыреттер мен ресурстар жиынтығы бар. Біз саясатты талқылағымыз келмейді, біздің мақсатымыз - екі жақтың да бизнесіне алдын-ала болжанатын және жайлы жағдайда жұмыс істеуге көмектесу», - деді Вероника Никишина.
 
Сондай-ақ сессияға Ресей мен Белоруссия Одағы мемлекетінің мемлекеттік хатшысы Григорий Рапота, ВШЭ ҰЗИ Әлем экономикасы және әлем саясаты факультетінің деканы Сергей Караганов, ЕО Комиссиясының Халықаралық ынтымақтастық және даму жөніндегі Бас директоратының басшысы Стефано Мансервизи, саясаттанушы және Португалияның Еуропа істері жөніндегі мемлекеттік хатшысы Бруно Масаиш қатысты (2013 – 2015 жылдар), ЕО Комиссиясының Шағын және орта кәсіпорындар жөніндегі атқарушы агенттігінің департамент директоры Маттиа Пеллегрини, Халықаралық бейбітшілік қорының консультативтік басқарма төрағасы (Австрия) Альфред фон Лихтенштейн, Еуропалық бизнес қауымдастығының бас директоры Франк Шауфф, Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының президенті Александр Шохин қатысты.