Жүйеге кіру
ЕАЭО-да Темекі өнімдеріне арналған акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімге қол қойылды

ЕАЭО-да Темекі өнімдеріне арналған акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімге қол қойылды

Тимур Жаксылыков Член Коллегии (Министр) по экономике и финансовой политике.jpg
24.12.2019

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің вице-премьерлері темекі өнімдеріне арналған акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімге қол қойды. Құжатқа Санкт-Петербургте 19 желтоқсанда қол қойылды.

Келісім сигареттерге арналған акциздердің ставкаларын үйлестіруге және сол арқылы ЕАЭО-да темекі өнімдері нарығының жұмыс істеуі үшін жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2024 жылдан бастап ЕАЭО елдерінің сигареттеріне ұлттық акциз ставкаларын есептеу кезінде аз немесе көп жағына қарай 20%-дан аспайтын ауытқумен 1 мың сигарет үшін €35 индикативтік ставкасы негізге алынатын болады. Бизнесті жаңа талаптарға бейімдеу үшін индикативтік ставкаға қол жеткізу мерзімі болып 2020 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықтағы кезең белгіленді.

«Ставкалардағы алшақтық Одақ елдерінде заңсыз темекі өнімдерінің көбеюінің негізгі себебі болып табылады. Сигареттерге арналған акциздік ставкаларды біртіндеп және кезең-кезеңімен үндестіру темекінің заңсыз нарығының дамуын тежеуге мүмкіндік береді. Үндестіру сондай-ақ темекі өнімдерінің өзара саудасы көлемін ұлғайту үшін жақсы жағдай жасайды, бизнес үшін тең бәсекелестік жағдайларға және акциздерден бюджеттік түсімдердің өсуіне ықпал етеді, заңды айналым үшін жағдайды жақсартады. Темекі өнімдеріне индикативтік ставканы енгізу және оған қол жеткізудің бес жылдық кезеңін белгілеу бизнесті орта мерзімді перспективаға жоспарлауға ықпал етеді», –  деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов.

Сондай-ақ Одақ мемлекеттері ЕЭК Кеңесіне кезекті бес жылдық кезеңге арналған индикативтік ставка мен ауытқу ауқымын бекіту бойынша өкілеттіктер берді. Бұдан өзге, ұлттық валюта бағамдарының күрт құбылмалылығы жағдайында консультативтік механизм енгізіледі.