Жүйеге кіру
ЕЭК-те ЕАЭО-ға әкелінген тауарлардың қадағалану механизмі туралы келісімді іске асыру мәселелері жөніндегі Жобалық офис жұмысын бастады

ЕЭК-те ЕАЭО-ға әкелінген тауарлардың қадағалану механизмі туралы келісімді іске асыру мәселелері жөніндегі Жобалық офис жұмысын бастады

24.09.2020
23 қыркүйекте Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағына әкелінген тауарлардың қадағалану механизмі туралы келісімді іске асыру мәселелері жөніндегі Жобалық офистің бірінші отырысы болып өтті.

Отырысты аша келіп, ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович «жобалық офис мүшелері сындарлы, ортақ мақсатқа орай жұмыс істеуге тиіс, Одақ елдеріндегі әріптестермен жатық жұмыс істеуі қажет» деп атап өтті.

Осыған байланысты ЕЭК Алқасының басшысы Комиссияның жобалық офисі мен елдердің жұмысын біріздендіру үшін елдерден ұлттық заңнаманы келісім нормаларымен сәйкестікке келтіру жөнінде істелген жұмыстар, нені және қашан қабылдау жоспарланғаны, тауарлардың қадағалануының ұлттық жүйесі қандай сатыда екені, не нәрсе жайында ұсыным жасауға болатыны туралы ақпарат сұратуды ұсынды. Михаил Мясниковичтің пікірінше, келісім толассыз болуға тиіс.

Жобалық офистің жекекшісі, ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов мұндай жұмыс форматы ЕАЭО-ға әкелінген тауарлардың қадағалану механизмі туралы келісімді іске асырудың тығыз мерзімдеріне байланысты таңдап алынғанын атап көрсетті. «Жұмыс шеңберіндегі барлық міндеттер Комиссия блоктары арасындағы нақтылы өзара іс-қимылды талап етеді. Бұдан басқа, уәкілетті органдардың тауарлардың қадағалану жүйесінің ұлттық компоненттерін құру бойынша жүргізетін жұмысын тиімді үйлестіру қажет», –  деді ЕЭК министрі.

Анықтама

ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелінген тауарлардың қадағалану механизмі туралы келісімді бүгінгі таңда Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресей ратификациялады. Комиссия қажетті рәсімдердің орындалғаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алғаннан кейін Келісім күшіне енеді. Келісім ЕАЭО бойынша орын ауыстыруы кезінде тауарлар айналымының заңдылығын растауды және кедендік әрі салықтық төлемдерді төлеуден жалтарудың әртүрлі схемаларын пайдалануды болдырмайтын шарыттар жасауды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл механизм бизнеске ашықтық негізінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.​