Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының мәжілісі болып өтті

ЕЭК Алқасының мәжілісі болып өтті

25.04.2013

24 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының кезекті мәжілісінде техникалық реттеу, сауда, кедендік ынтымақтастық, бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу саласындағы шешімдер қабылданды.

ЕЭК Алқасы, атап айтқанда, Беларусь Республикасына үшінші елден келетін импортқа түбегейлі құқын қолдануына қатысты балықтардың жеке түрлерінің, теңіз өнімдерінің және олардың қайта өңдеумен өнімдердің тізбесін қысқартылуын бекітті.

Бұл тізбелерден мынадай ұстанымдар, мәселен, тұщы сулы мұздатылған балықтар, жаңа ауланған, салқындатылған немесе мұздатылған кесек еттер және тұщы сулы балықтардың басқа еттері (тартылған етті қосқанда), кептірілген, тұздалған балықтар немесе тұздықтағы балық; ыстық немесе суық ысталған балық; ұсақ және ірі ұнтақталған балық ұны мен тамаққа пайдалану үшін балықтың түйіршіктері алынып тасталады. Сонымен қатар, тізбеден дайын немесе консервіленген шаян тәрізділер, шабақтар мен басқа да теңіздің омыртқасыздары алынып тасталады.

Тиісті өзгерістер Тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізіледі, бұларға Еуразиялық экономикалық қауымдастығының үшінші елдермен саудасы шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің кіргізу немесе шығаруына тыйым салу немесе шектеу қолданылады.

Техникалық реттеу саласында ЕЭК Алқасы Мемлекетаралық стандарттарды жетілдіру (өзгерістер енгізу, қайта қарау) бойынша бағдарламаны бекітті, нәтижесінде Кеден одағының «Газ тәріздес отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарын, сондай-ақ зерттеу (сынақтар) және өлшеу ережелері мен әдістерін, соның ішінде көрсетілген техникалық регламенттің талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті үлгілердің таңдау ережелерін және өнімдердің баға (растау) сәйкестігін іске асыруларының мемлекетаралық стандарттарын ерікті негізде қадағалауды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар кедендік декларацияны беру Кеден одағының «Газ тәріздес отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы» және «Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттерінің талаптарына баға (растауға) сәйкестігі туралы құжаттың кедендік органға ұсынумен қоса берілуіне қатысты өнімдердің тізбесі бекітілді.

Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу саласында ЕЭК Алқасы ЕЭК-ның Монополияға қарсы реттеу департаменті 2010 жылдың 9 желтоқсанындағы Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы келісімінде бекітілген бәсекелестіктің ережелерінің бұзылуы туралы істердің материалдарына тексеру және дайындауды жүргізуді қамтамасыз ететін Еуразиялық экономикалық комиссияның бөлімшесі болып табылады деп бекітті.