Жүйеге кіру
ЕЭК ЕАЭО мемлекеттерінің салық заңнамасын үндестіру бойынша жұмыс жүргізуде

ЕЭК ЕАЭО мемлекеттерінің салық заңнамасын үндестіру бойынша жұмыс жүргізуде

25.04.2017

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы жанындағы Салық саясаты және әкімшілендіру жөніндегі консультативтік комитеттің жауапты хатшысы Нурматбек Мамбеталиев «Салықтық және кедендік-тарифтік реттеудің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел барысында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің өзара саудада салық заңнамасын үндестірудің перспективалы бағыттары туралы айтып берді. 

Іс-шараны Ресей Федерациясының үкіметі жанындағы Қаржы университетінің Салық саясаты және салықтық әкімшілендіру орталығы ЕЭК-пен, Федералдық салық және кеден қызметтерімен және бірқатар консалтингтік компаниялармен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге Ресей министрліктері мен ведомстволарының, ғылыми және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты. 

ЕЭК өкілі заңнамаларды жалпы жақындастыру шеңберінде бірінші кезеңде алкоголь және темекі өнімдерінің акцизі мөлшерлемелерін үндестіру жоспарланып отырғанын атап өтті. Тиісті келісімдердің жобалары дайындалды. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің вице-премьерлері деңгейінде келісілгеннен кейін бұл халықаралық нормативтік актілер қол қою үшін мүше мемлекеттерге жолданады. 

Болашақта көмірсутектердің ортақ нарығын құрумен байланысты осы тауарлар тобына да акциздер мөлшерлемелерін үндестіру бойынша жұмысты бастау жоспарлануда. 

Электрондық сауда тауарларына салық салу режиміне тараптармен келісілген стратегиялық тәсілдемелерді тұжырымдап әзірлеу де ЕЭК үшін басымды бағыт. Қазіргі уақытта Комиссия тауарлардың электрондық саудасына салық салудың үндестірілген механизмін әзірлеуде. Бұл ретте салық және кеден органдары арасында тауарлар ағындарын (теңгерімін) қадағалап отыру бойынша ақпарат алмасуды жолға қою маңызды болып табылады.

Федералдық кеден және салық қызметтері ЕЭК ұсыныстарын қолдайды. РФ мемлекеттік ведомстволары ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара саудасында тауарларды экспорттау және импорттау кезінде ҚҚС алу бойынша мәселені реттеуді ескере отырып, кедендік және салықтық төлемдерді әкімшілендірудің бірыңғай механизмін құру жөніндегі жұмысты жүргізуді орынды болады деп есептейді.

РФ үкіметі жанындағы Қаржы университетінің өкілдері де ЕАЭО-да жанама салық салуды үндестірудің бірыңғай әдістемелік тәсілдемелерін әзірлеуді қолдап пікір білдіруде.