Жүйеге кіру
Сергей Сидорский ПХЭФ-2018-де: «Біз ЕАЭО-да азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдемелерді шоғырландыра алдық»

Сергей Сидорский ПХЭФ-2018-де: «Біз ЕАЭО-да азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдемелерді шоғырландыра алдық»

25.05.2018

«Еуразиялық экономикалық одақ әлемдік азық-түлік нарығында жаһандық ойыншы болып табылады. Біздің алдымызда түрған міндет – халықты азық-түлікпен толық қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өндірісінің орнықты дамуына шығу», - деп атап көрсетті Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Сидорский Петербург халықаралық экономикалық форумы-2018 шеңберіндегі «Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі: планетаның өскелең халқын қалай асыраймыз?»​ панельдік сессиясында.

ЕЭК министрі Одақта ортақ нарықты теңгерімді қамтамасыз ету жөнінде бірыңғай тәсілдемелер пайдаланылады, деп мәлімдеді. ЕАЭО елдері өздерінің меншікті астық, көкөніс, картоп, өсімдік майлары, жұмыртқа, қант өндірісі есебінен ішкі тұтынуды толық қамтамасыз етіп отыр. Таяу болашақта Одақ етті, сүтті, құс еті мен шошқа етін қоса, іс жүзінде барлық тауарлар бойынша халықтың қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Интеграциялық бірлестік елдерінде бәсекеге қабілетті өндіріс көлемін өсіру және АӨК жоғары технологиялық өнімінің экспортын дамыту әлеуеті бар.

«Ауыл шаруашылығының ғаламдық перспективалары қазіргі заманғы цифрлық технологиялардың және дәл егін шаруашылығы жүйесінің дамуымен айқындалады. Бұл ретте Одақ өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық, АӨК-ке шетелдік инвестициялар мен технологиялар тарту үшін ашық», - деп атап өтті ЕЭК министрі.

Сергей Сидорскийдің сөзінше, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «бестік» елдерінің ортақ міндеттерінің қатарына селекциялық және генетикалық ресурстардың импортына тәуелділікті азайту, жемшөп, жемшөп қоспаларын, кешенді тыңайтқыштар, өсімдікті қорғау құралдары өндірісін, ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту кіреді.

Әрбір бағыт бойынша ЕЭК ынталандырушы шаралар кешенін әзірледі. Мысалы, ЕАЭО-да тұқым шаруашылығы мен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жөнінде бірлескен іс-қимыл айқындалды, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісшілерін қолдау жөніндегі іс-шаралар әзірленді, Одақта ауыл шаруашылығы үшін қазіргі заманғы техника мен жоғары технологиялық ресурстарды оқшаулау мақсатында жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылданды.

«Біздің елдеріміздің бірлескен іс-қимылы, шетелдік әріптестермен ынтымақтастық бәсекеге қабілетті өндіріс пен экспорт көлемін ұлғайту жөніндегі әлеуетті іске асыруға мқмкіндік береді. Сөйтіп, біз өзіміз жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосамыз»,- деп қорытындылады Сергей Сидорский.