Жүйеге кіру
ПХЭФ-2018-де ЕАЭО елдерінің экспортын қолдау құралдары талқыланды

ПХЭФ-2018-де ЕАЭО елдерінің экспортын қолдау құралдары талқыланды

IMG_3141.jpg
25.05.2018

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің экспортын дамытуға арналған еркін сауда аймағын құру, қаржы институттарының ынтымақтастығы және «Еуразиялық апта» халықаралық форумын өткізу сияқты құралдары Петербург халықаралық экономикалық форумы-2018 шеңберінде өткен «Экспортты шетелдік нарықтарға ілгерілетудің қазіргі заманғы механизмдері» дөңгелек үстелінде талқыланды.

Кездесудің түбірлі тақырыбы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің мамыр айындағы жарлықтары болды, онда экспорттық әлеуетті дамыту мәселесіне көп назар аударылған еді. Кооперациялық байланыстырды дамыту және Ресейдің шикізаттық емес экспортын алты жыл ішінде екі есе арттыру туралы сөз болды. Дөңгелек үстелге қатысушылар қойылған міндетті қалай тиімді орындауға болады және бұған экспорттық қолдаудың қандай механизмдері ықпал етеді деген сұрақтарға жауап іздеуге тырысты.

ЕЭК-тің Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина Комиссияның оларды іске асыру арқылы белгіленген мақсаттарға жетуге өз үлесін қосуы мүмкін жұмысының бірнеше бағыттарын бөліп көрсетті.

Бірінші кезекте ЕЭК министрі қолайлы сауда режимдерін белгілеу есебінен сыртқы нарықтарға кіруді жеңілдету жөнінде жүйелі жағдайлар жасауды атап өтті. Бұл режимдерді ЕАЭО елдерінің кез келген эспорттаушысы пайдалана алады. Бұдан басқа, Одақ өндірушілерінің шығындарын кемітуге бағытталған кешенді сыртқы сауданы реттеу, соның ішінде импорттық тарифтің эскалациясын іс жүзінде іске асыру, Одақтағы өнімнің сапасын арттыру және өндіріс технологиясын жақсарту үшін өндірістік жабдыққа және шикізатқа арналған бажды кеміту, кедендік формалдылықты оңайлатуға бағытталған кедендік реттеуді жетілдіру шаралары кешені және кедендік бақылаудың тәуекеліне бағдарлылық маңызды рөл атқарады. Бұл ретте тауарлық экспорттың өсуін қолдау үшін қызметтер көрсету экспортын, мысалы, көліктік және қаржылық қызметтер көрсетуді, олардың сапасы мен қолжетімділігін арттыру қажет.

 «Біздің түбірлі құралымыз – әріптестердің нарықтарына қол жеткізу жөнінде неғұрлым тиімді нәтиже беретін сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы немесе еркін сауда туралы келісімдер жасасу, - деді Вероника Никишина. - Сауда үшін кедергілер деңгейі төмендетілген сипаттағы тауар өткізуші дәліздер құру экспорттың жүйелі артуына ықпал етеді. Оны өнімнің кез келген түрін экспорттаушылар пайдалана алады».
 
Вьетнаммен еркін сауда туралы келісім қолданыла бастағаннан кейін ЕАЭО елдерінің тауар айналымы 40%-ға дерлік өсті. Бұл ретте сарапшылардың сауданың теңгерімсіздігі болуы мүмкін деген алаңдаушылығы ақталмады, экспорт пен импорттың көрсеткіштері бірдей артып отырды.

Бұдан басқа, ЕЭК жәрдемімен Одақ мемлекеттерінің экспорттық қолдауға жауап беретін қаржы институттарының ынтымақтастығы жүзеге асырылуда.

Міндеті экспортқа бағдарланған кооперациялық жобаларды қолдау болып табылатын ЕАЭО Даму банктері кеңесі жұмыс істеуде. Өткен жылдан бастап Одақ елдері экспортын сақтандырушылық қолдау саласындағы интеграция үшін ұлттық экспорттық-кредиттік агенттіктердің өзара іс-қимылы іске қосылды.
 ЕЭК және ЕАЭО елдерінің үкіметтері ұйымдастырушы ретінде бой көрсетіп отырған жыл сайынғы «Еуразиялық апта» халықаралық көрме форумын өткізу экспортты ілгерілетудің және бір форматы болып табылады. Форум Одақтың әрбір елінде кезек-кезегімен өткізіледі, ол биылғы 24-26 қазанда Ереванда (Армения Республикасы) болады.