Жүйеге кіру
Асқар Кішкембаев: «Комиссия мен ЕАЭО мемлекеттерінің Үкіметтері пандемия жағдайында кәсіпкерлікті қолдаудың келісілген шаралары жөніндегі құжаттарды әзірледі»

Асқар Кішкембаев: «Комиссия мен ЕАЭО мемлекеттерінің Үкіметтері пандемия жағдайында кәсіпкерлікті қолдаудың келісілген шаралары жөніндегі құжаттарды әзірледі»

TS_09807_S.jpg
25.05.2020
Мәскеуде өткен «Кәсіпкерлік қызметтің трансформациясы: жаңа технологиялар, тиімділік, перспективалар» атты VIII халықаралық ғылыми конгресте Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Хатшылығының басшысы Асқар Кішкембаев коронавирустық инфекция пандемиясының дамуы жағдайында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған Одақ шеңберінде қабылданып жатқан шаралар туралы айтып, осы мәселе бойынша Одақ пен мүше мемлекеттердің қабылданған актілеріне ерекше назар аударды.

 

«Қабылданып жатқан шешімдер ЕАЭО-дағы экономикалық жағдаятты тұрақтандыруға ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге Одақ елдерінің халқы үшін де маңызды рөл атқарады», – деп атап көрсетті Асқар Кішкембаев.

 

Комиссия өкілі «елдердің уақытша шектеулер енгізуі жағдайында еңбек көші-қонында жүрген азаматтар халықтың неғұрлым осал топтары санатына тап болғанын» да атап өтті. «Осыған байланысты Комиссия Одақ елдерімен бірлесіп тараптардың денсаулық сақтау және инфекциялық аурулардың таралуына қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастығы жөнінде шаралар әзірлеуде, оларды Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары шеңберінде іске асыру жоспарланып отыр. Бұдан басқа, тараптар пандемия жағдайында азаматтарды әлеуметтік және медициналық қолдау жүйесін құру мәселелерін талқылауды жоспарлауда», – деді ол.

 

Сондай-ақ, Асқар Кішкембаев Еуразиялық даму банкі мен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының пандемия жағдайында Одақ шеңберінде экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және бизнесті қаржылық қолдауға бағытталған шұғыл дағдарысқа қарсы және тұрақтандыру шараларын әзірлеу мен іске асырудағы рөлін күшейту мәселесін пысықтауды атап өтті.

 

Комиссия Одақ елдерінің мүдделі мемлекеттік билік органдарымен бірлесіп интернет-сауда саласындағы мәселелерді реттеу тәсілдемелерін іздестіру және нақтылау бойынша жұмыс жүргізуде. «Сыртқы сауданың бұл жаңа сегменті жаңа, кешенді құқықтық реттеуді қажет етеді», – деді Асқар Кішкембаев.

 

Сөз соңында Асқар Кішкембаев ғылыми конгрестің қатысушыларын үстіміздегі жылғы жазда Комиссиямен іске қосылуы жоспарланып отырған, Еуразиялық интеграция туралы онлайн-курс жайында хабардар етті.

 

Ғылыми конгресті Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университеті ұйымдастырды. Оның жұмысына ресейлік және шетелдік ғалымдар, бизнес-қоғамдастықтың, мемлекеттік билік және муниципалдық басқару органдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.​