Жүйеге кіру
ЕЭК Экономика және қаржылық саясаты бойынша министрі Тимур Сүлейменов: «ЕЭО құра отырып, елдеріміздің экономикалық әлеуеттерін біріктіре отырып, біз тұрақты даму, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың қуатты тартымды орталығын құрамыз»

ЕЭК Экономика және қаржылық саясаты бойынша министрі Тимур Сүлейменов: «ЕЭО құра отырып, елдеріміздің экономикалық әлеуеттерін біріктіре отырып, біз тұрақты даму, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың қуатты тартымды орталығын құрамыз»

23.06.2014

20 маусым күні Римде (Италия) Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Экономика және қаржылық саясат бойынша Алқа мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменов «Кеден одағы елдеріндегі инвестициялық, құқықтық және салықтық климат» тақырыбына семинарда баяндама жасады.

Семинарға Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері – ЕЭК Экономика және қаржылық саясат бойынша Алқа мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменов, ЕЭК Ықпалдастық пен макроэкономиканың негізгі бағыттары бойынша Алқа мүшесі (Министр) Татьяна Валовая, Италия Республикасының Үкімет, Сенат және Депутаттар палатасының өкілдері, Италия Республикасындағы Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Армения Республикасының елшілері, сонымен қатар итальяндық және ресейлік бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Семинарға қатысушыларға арнап, ЕЭК Экономика және қаржылық саясат бойынша министрі Тимур Сүлейменов, семинар шеңберінде Кеден одағы (КО) мен Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) елдеріндегі инвестициялық, құқықтық және салықтық климат бойынша бірқатар тақырыптарды талқылау КО мен БЭК, ал келешекте Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) мемлекеттерінің ықпалдастық ынтымақтастығын одан әрі дамыту бойынша шешімдер мен ұсынымдарды жасауға, ықпалдасқан бірлестік елдерінде жағымды, инвестициялық климатты қалыптастыру, бизнес-құрылымдардың өзара әрекеттесуін тереңдету, КО қатысушы-мемлекеттердің экономикалық өсу сапасын жоғарылатуға себепші болатынына сенімін білдірді. 

ЕЭК өкілі атап өткендей, өңірлік ықпалдастықты дамытудың маңызды факторларының бірі корпоративтік байланыстарды активтендіру болып табылады, себебі экономикалық өлшемі бар кез-келген ықпалдастық жобасының іргетасы болып корпоративтік ықпалдасу қызмет етеді. Оның аса анық көрінісі тікелей шетел инвестицияларының (ТШИ) өзара ағындары болып табылады. 

Тимур Сүлейменов атап өткендей, КО мен БЭК мемлекеттерінің ықпалдастық ынтымақтастығын активтендірудің маңызды факторлары КО шеңберінде ықпалдасу үрдістерін дамыту, елдеріміз арасындағы өзара сауда бойынша кедергілерді жою, бизнес-құрылымдардың өзара әрекеттесуі үшін жағдай жасау болды. Бұл ретте, ЕЭК өкілі бас айтқандай, «2014 жылдың 29 мамыры күні Астана қаласында елдеріміздің президенттерінің ЕЭО құру туралы шартқа қол қоюы экономикалық ықпалдасудың жаңа кезеңінің басталуын іске қосты, ол, ең алдымен, «үштіктің» азаматтарының өмір сапасын жоғарылатуға, бизнес қызметін активтендіруге, өзара саудадағы кедергілерді жоюға бағытталған». 

Қорытындысында ЕЭК Экономика және қаржылық саясат бойынша министр, «Еуразиялық экономикалық одақты құра отырып, елдеріміздің экономикалық әлеуеттерін біріктіре отырып, біз тұрақты даму, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың қуатты тартымды орталығын  құрамыз», деп мәлімдеді. Оның айтуы бойынша, ашықтықтың жоғары деңгейі Одаққа тән. Оның қызметінің негізіне баршаға түсінікті және ДСҰ қағидаттарына негізделген әмбебап айқын механизм салынған. Тимур Сүлейменов ерекшелеп өткендей, Еуразиялық одақтың – Еуропа, Азия және Таяу Шығыс арасындағы байланыстырып тұратын буынның бірегей жағдайына байланысты – Одақ қатысушылардың өнімдерін сыртқы нарықтарға шығаратын және бүкіл Еуразиялық өңірдің дамуына, соның ішінде өңірлік– су-энергетикалық, азық-түліктік және өзге проблемаларды шешуге көмек көрсететін, бәсекеге қабілетті ықпалдастық бірлестік, сауда, технологиялық, өндірістік және көліктік хаб болады.