Жүйеге кіру
Одақтың ауыз суға және балалардың ойын алаңдарының жабдығына арналған техникалық регламенттерінің өтпелі ережелерінің мерзімі ұзартылды

Одақтың ауыз суға және балалардың ойын алаңдарының жабдығына арналған техникалық регламенттерінің өтпелі ережелерінің мерзімі ұзартылды

141121_4153.JPG
25.06.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ЕАЭО елдеріндегі коронавирустық инфекцияның таралуы тудырған шектеу іс-шараларын назарға ала отырып, техникалық реттеу саласындағы бірқатар нормативтік актіге өзгерістер енгізді.

Комиссия Алқасының 2017 жылғы екі шешіміне: 11 шілдедегі № 83 және 7 қарашадағы № 135 шешімдеріне өзгерістер енгізілді. Одақтың «Балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы» және «Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауыз судың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттерінің өтпелі ережелерінің аяқталу мерзімі тиісінше 2021 жылғы 1 желтоқсанға және 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылады.

 

Одақтың «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентін қолдану үшін қажетті зерттеулер (сынақтаулар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін қамтитын стандарттар тізбесінде «Жеке-дара автомобиль көлік құралдары. Сәйкестікті бағалауды жүргізу үшін сараптама мен сынақтау әдістері» МемСТ 33670-2015 мемлекетаралық стандартын қолданудың басталуы бір жылға: 2020 жылғы 1 шілдеден 2021 жылғы 1 шілдеге ауыстырылды.

 

Сондай-ақ Одақтың «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне арналған стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізілді. Мына: МемСТ EN 71-14-2018, МемСТ EN 71-5-2014, МемСТ EN 71-13-2018, МемСТ 18321-73, МемСТ EN 71-5-2018, МР 01.022-07, МР 01.023-07, МР 01.024-07, МР 01.025-07 стандарттар мен әдістемелердің қолданыла бастауы 2021 жылғы 1 сәуірден 1 қарашаға ауыстырылды.​