Жүйеге кіру
ЕАЭО – ЕО: еуропалық жас экономистер мен саясаттанушылар ынтымақтастыққа шақырады

ЕАЭО – ЕО: еуропалық жас экономистер мен саясаттанушылар ынтымақтастыққа шақырады

25.07.2017

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Еуропалық одақ (ЕО) арасында ресми  әріптестік байланыстарды тезірек орнатудың қажеттігі туралы идея бірқатар ірі француздық компаниялардың қолдауымен БҰҰ Білім, ғылым және мәдениет мәселелері  жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) және А.М. Горчаков атындағы Ашық дипломатияны қолдау қорының бастамасымен 24-25 шілдеде Парижде өткізілген «Үлкен Еуропа кездесулері» атты 5-ші Халықаралық жастар форумының басты назарында болды.    

Форумға Францияның және басқа да ЕО елдерінің жетекші университеттерінің студенттері мен оқытушылары, еуропалық жас экономистер мен саясаттанушылар, Ресей Федерациясының Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Александр Орлов, Ресейдің ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі  Александр Кузнецов қатысты.

Форумды ашу салтанатында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Татьяна Валовая сөз сөйледі. Ол соңғы бес жылдағы орын алған өзгерістер тұрғысында Үлкен Еуропа жобасын қайта пысықтау жайындағы идеяларымен бөлісіп, ЕАЭО құрылуы Үлкен Еуропа келешегіне қалай ықпал еткендігі туралы әңгімелеп берді.

ЕЭК министрі ЕАЭО мен ЕО бүгінгі таңда әлемдегі толыққанды экономикалық одақтардың анағұрлым сәтті қос мысалы болып отырғандығын айтты, олардың арасында ынтымақтастықтың қажеттігі айдан анық, екі жаққа да тиімді әрі Еуразия мен Еуропа халықтары мен экономикаларының біріне-бірі ұмтылған көп ғасырлық қозғалысына сүйенеді. Татьяна Валовая айтып өткендей, шектеу шаралары және санкциялармен алмасу екі тарапқа да оң әсерін тигізген жоқ,  тек қана  тауар айналымының ағындарын басқаға бағыттауға жеткізді. Сөйтіп, 2016 жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО мемлекеттерінің Азиядан (АТЭО елдерінен) импорты алғаш рет ЕО елдері  импортынан асып түсті. Ағымдағы жылы бұл тренд сақталады және айырмашылық анағұрлым елеулі болуы мүмкін.

«Уақыт бір орында тұрмайды. Үлкен Еуропаның жобасы талқылау сатысында болған кезде, экономикалық даму мен халықаралық ынтымақтастықтың логикасы бізді континенттік еуропалық әріптестікті – сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жаңа бірігу тізбектерін құруға барлық мүдделі ЕАЭО мен ЕО ғана емес, және Азия мен Латын Америкасының ұлттық экономикалары мен өңірлік бірліктерінің қатысуымен анағұрлым кең интеграциялық контурын құру идеясына алып келді»,- деп мәлімдеді Татьяна Валовая. 
  
Форумның ашылу салтанатында сөз сөйлеген жоғары деңгейлі сарапшы, ЕО Кеңесіндегі Францияның төрағалығы кезіндегі бұрынғы Бас хатшы, Ресейдегі Францияның бұрынғы Елшісі Клод Бланшмезон жұмыстың барлық жалпы бағыттары бойынша Еуропалық және Еуразиялық экономикалық комиссиялар арасындағы ресми байланыстарды тезірек жолға қоюға шақырды. Ол ресми байланыстардың және жүйелі диалогтың болмауы екі тарап үшін де уақытты әрі мүмкіндіктерді жоғалту екенін атап өтті.  

ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрінің көмекшісі Федор Черницын ЕАЭО мен ЕО ынтымақтастығының тарихи, экономикалық және құқықтық аспектілері туралы лекция оқыды. Еуразиялық экономикалық одақтың мақсаттары мен міндеттері, оның ағымдағы жағдайы мен даму жоспарлары және  ЕЭК-тің халықаралық жұмысы туралы айта келе, Федор Черницын Еуропалық одақ пен Еуропалық комиссия арасындағы қатарлас жұмыстарға тоқталды. «Істің жағдайы туралы ақпаратқа ие болсаңыз, сіз өзара іс-қимылдан кету логикалық, конструктивті және уақытылы емес екендігін анық көресіз. Біз болашақты бірлесіп жоспарлауға әзірміз және оны әріптестерден күтеміз»– деп мәлімдеді Черницын. Лекциядан  соң, ЕЭК министрінің көмекшісі Еуропалық-Еуразиялық диалогты жолға қоюдың және  қолдаудың мүмкін болатын жолдары мен арналары туралы көптеген сұрақтарға жауап берді.

ЮНЕСКО аясында Францияның астанасында өткізілген халықаралық форумда Еуразиялық тақырыптың талқылануы ЕАЭО-ЕО форматында қатынастарды институализациялауға және ынтымақтастықты дамытуға Еуропаның сараптамалық, ғылыми және іскер топтарының сұранысын қалыптастырудың кезекті айғағы болды.