Жүйеге кіру
ЕЭК Кәсіпкерлік мәселелері бойынша консультативтік комитеттің шағын комитеттерінің отырысы барысында КО мен БЭК елдерінде бизнесті дамыту бойынша бірқатар мәселелер талқыланды

ЕЭК Кәсіпкерлік мәселелері бойынша консультативтік комитеттің шағын комитеттерінің отырысы барысында КО мен БЭК елдерінде бизнесті дамыту бойынша бірқатар мәселелер талқыланды

21.08.2014

21 тамыз күні Брестте (Беларусь Республикасы) сыртқы сауда қызметінің саласындағы кедергілерді жою мәселелері бойынша шағын комитет пен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері бойынша консультативтік комитеттің өзара саудасы және инвестициялық қызметі саласындағы кедергілерді жою мәселелері бойынша шағын комитеттің отырысы болып өтті, онда бизнес жүргізу үшін өзекті бірқатар мәселелер талқыланды.

Отырысты шағын комитеттердің төрағасы, Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Рүстем Ақбердин өткізді.

Сыртқы сауда қызметінің саласындағы кедергілерді жою мәселелері бойынша шағын комитеттің отырысы барысында ЕЭК Кедендік заңнама және құқық қолданылатын тәжірибе департаментінің кедендік заңнама бөлімінің бастығы Марина Искоскова Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭК) Кедендік кодекс жобасын дайындау барысында толық баяндаманы ұсынды. 

Баяндама барысында отырысқа қатысушыларға осы жобадағы принципті қосымшалар туралы, соның ішінде уәкілетті экономикалық оператордың институтын дамыту және жетілдіру туралы толық ақпарат; сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжаттарды қоса алғанда, сәйкесінше тауар декларациялары толтырылған құжаттарды кедендік декларациялау кезінде ұсыну туралы талаптардың алып тастау келешегі; «резиденттік» принципінің күшін жою; «бір терезе» механизмін құру және қолдану туралы толық ақпаратты ұсынды.

Өз кезегінде, Беларусь Республикасының бизнес-қауымдастығының өкілдері пікірталас барысында халықаралық автокөлік тасымалдары және құрылыс саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың проблемалық мәселелері бойынша пікірлерін айтты. Ресей Федерациясының бизнес-қауымдастығының өкілдері ветеринарлық бақылау және қадағалаудың жүргізілуін жетілдіру бойынша ұсыныстармен баяндама жасады.

Өзара сауда және инвестициялық қызмет саласындағы кедергілерді жою мәселелері бойынша шағын комитеттің отырысы барысында, атап айтқанда, ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментімен дайындалған, Кеден одағының шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін, Өнімдердің бірыңғай тізбесін жүргізу тәртібінің жобасы қаралды және талқыланды.

Осы құжаттың қабылдануы жекелеген өнім түрлерін ұлттықтан жоғары деңгейде техникалық реттелуге жататын өнімдер тізбесіне жатқызу үрдісі мен критерийлеріне қатысты құқықтық белгісіздікті жою мүмкіндігін береді. 

Отырысқа қатысушылар Кеден одағы (КО) мен Біртұтас экономикалық кеңістікке (БЭК) мүше-мемлекеттердің алкогольдік нарығына қатысушылар қызметін реттеу туралы келісім жобасын келісу барысы және қабылдау келешегі туралы хабардар етілді. 

Бұдан басқа, іс-шараға қатысушылар КО мен БЭК мүше-мемлекеттерге Кеден одағының техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау (растау) үрдістерін жүргізуге, жеңіл өнеркәсіп өнімін өндіру және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыратын, кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын қаржыландырудың мүмкін механизмдерін талқылады. 

ЕЭК өкілдері отырысқа қатысушыларға Департаментке келіп түскен кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өтініштерін қарау нәтижелері туралы хабардар етті. Отырысты аяқтай отырып, Рүстем Ақбердин мыналарды ерекшелеп өтті, «шағын комитеттердің бүгінгі отырысы Белоруссиялық бизнеспен оны қызықтыратын еуразиялық ынтымақтастықтың проблемалық және өзекті мәселелерін бетпе-бет талқылау мүмкіндігін берді. ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті олардың әрбіреуі бойынша шешім жолдарын іздеу жұмысын жүргізеді. Барлық өтініш берушілер міндетті тәртіпте осы жұмыстың қорытындылары туралы хабардар етіледі».