Жүйеге кіру
«Еуразиялық апта» шеңберінде «ЕАЭО-ның логистикалық және кедендік инфрақұрылымы» сессиясы өтеді

«Еуразиялық апта» шеңберінде «ЕАЭО-ның логистикалық және кедендік инфрақұрылымы» сессиясы өтеді

25.09.2019
26 қыркүйекте Бішкекте «Еуразиялық апта» форумында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріндегі логистикалық және кедендік инфрақұрылымның даму мәселенамасына арналған панельдік сессия болады.

Сессияға Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК), ЕАЭО мемлекеттері уәкілетті органдарының, халықаралық ұйымдардың өкілдері және кедендік логистика мен инфрақұрылым саласындағы сарапшылар қатысады. Талқылаудың басты тақырыбы - кедендік инфрақұрылым мен ақпараттық өзара іс-қимылдың дамуы тауарларды жеткізудің қауіпсіз халықаралық тізбегі бойынша жүктердің үзіліссіз қозғалысына қандай жолмен ықпал ететіндігі туралы.

«ЕАЭО елдерінің кедендік инфрақұрылымын одан әрі дамыту тауарлар жеткізу тізбегінің жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің түбірлі факторлары болып табылады»,- деп атап көрсеткен ЕЭК-тің Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Нурлан Акматов өзінің таяудағы Қырғыз Республикасына сапары барысында Қытаймен шекарадағы жаңғыртылған «Торугарт» өткізу пунктінде болды.

Сессия барысында мына мәселелер қаралатын болады:

- Одақта кедендік инфрақұрылымды дамытуды реттеудің құқықтық негіздері;
- логистикалық және кедендік инфрақұрылымды жетілдірудің негізгі бағыттары;
- ЕАЭО кедендік шекарасын және логистика ұйымын жарақтандыру кезіндегі халықаралық стандарттарды пайдалану тәсілдемелері;
- кедендік шекарада мемлекеттік бақылау рәсімдерін жүргізу үшін бақылаушы органдардың ақпараттық өзара іс-қимылының рөлі;
- кеден органдарының лауазымды адамдарының қатысуынсыз кеден операцияларын жасау;
 - Одақ елдері ішіндегі, сол сияқты мемлекетаралық деңгейдегі ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл; 
- алдын ала хабардар ету – дамудың жаңа тәсілдемелері мен перспективалары;
- кеден әкімшіліктерінің, өзге де бақылаушы мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлер қоғамдастығының арасындағы ынтымақтастықты нығайту және дамыту.


Сессияның модераторы ЕЭК-тің Кедендік инфрақұрылым департаментінің директоры Бактыбек Байсеркеев болады.


«Еуразиялық апта» қарсаңында форумның бас ақпараттық әріптесі Sputnik АА медиаорталығында өткізілген бейнекөпір барысында Бактыбек Байсеркеев логистика мен кедендік инфрақұрылым саласында замани цифрлық технологияларды, халықаралық стандарттарды барынша пайдалану қажеттігін атап өтті. Сөйтіп, мемлекеттік органдардың қызметі сауданы дамытуға жәрдемдеседі және тауарлар жеткізудің қауіпсіз халықаралық тізбегі бойынша жүктердің үзіліссіз қозғалысына ықпал ететін болады.


«Автоматтандыру деңгейі, ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып іске асырылатын технологиялардың дәрежесі мен саны бойынша Одақ елдеріндегі кедендік органдар мемлекеттік органдар арасында көшбасшы болып табылады. Бүгінгі күннің бірінші кезектегі міндеті – кедендік және өзге бақылаушы органдардың тиімді электрондық өзара іс-қимылын ұйымдастыру, ведомствоаралық және мемлекетаралық деңгейде қағаздағы құжат айналымы көлемін барынша азайту»,- деп атап көрсетті ЕЭК өкілі.


Сессия Қырғыз Республикасы, Бішкекте, № 1 «Ала-Арча» Мемлекеттік резиденция аумағында № 3 залда 14:30-да өтеді.

Анықтама

«Еуразиялық апта» форумы – ЕАЭО елдері мен Еуразиялық экономикалық комиссия ұйымдастыратын жыл сайынғы іс-шара. 2019 жылы форум Қырғыз Республикасының астанасы - Бішкек қаласында болады. Іс-шараның күн тәртібі Одақ туралы шарттың бес жылдығының қорытындыларын талқылауға бағдарланған. «Еуразиялық апта» бағдарламасы үш: стратегиялық, әріптестік, жастар трегі бойынша 20-дан астам алаңдар ұйымдастыруды бағамдап отыр. Форумға 2000-нан астам адам қатысады.


Неғұрлым толық ақпаратты «Еуразиялық аптаның» www.eurasianweek.com сайтынан алуға болады.