Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян мен Қырғыз Республикасы Ұлттық банкі төрағасы Толкунбек Абдыгулов ЕАЭО-ның қаржы саласындағы нормативтік-құқықтық реттеу аспектілерін талқылады

ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян мен Қырғыз Республикасы Ұлттық банкі төрағасы Толкунбек Абдыгулов ЕАЭО-ның қаржы саласындағы нормативтік-құқықтық реттеу аспектілерін талқылады

IMG08099_jpg.jpg
25.09.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян 25 қыркүйекте Бішкекте Қырғыз Республикасы Ұлттық банкі төрағасы Толкунбек Абдыгуловпен жұмыс кездесуін өткізді.

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) қаржы саласындағы нормативтік-құқықтық реттеу аспектілерін, сондай-ақ өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

Тигран Саркисян ЕАЭО ортақ қаржы нарығын қалыптастыру жөніндегі ағымдағы міндеттер туралы әңгімеледі. Өз кезегінде Толкунбек Абдыгулов алдағы тиімді ынтымақтастыққа әзірлігін білдірді.