Жүйеге кіру
ЕЭК 2021–2023 жылдары көлік саясатын іске асыру жөнінде жаңа «жол картасын» дайындайды

ЕЭК 2021–2023 жылдары көлік саясатын іске асыру жөнінде жаңа «жол картасын» дайындайды

25.09.2020

22-24 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры Дәурен Сәбитовтің төрағалық етуімен  үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын іске асыру бойынша 2021-2023 жылдарға арналған «жол картасы» жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының  екінші отырысы болып өтті.


Жұмыс тобының мүшелері «жол картасының» жобасына көліктің әрбір түрінің даму ерекшеліктерін ескере отырып көлік қызметтерін көрсетуді ырықтандыруға және электрондық құжат айналымына көшуге бағытталған іс-шараларды кірістіру туралы ниетті растады.

 

Кеңеске қатысушылар «жол картасының» жалпы бөлімін және су көлігінің дамуына қатысты бөлімді тұтастай келісті. ЕАЭО-да интеллектуалды көлік жүйелерін,  Еуразиялық көлік дәліздерін, мультимодальді және контейнерлік тасымалдарды дамыту, сондай-ақ транзит пен ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету  жөніндегі іс-шараларға назар аударды.


Мәселенің сезімталдығын және  әуе көлігі саласындағы ырықтандыру бойынша алдағы қадамдарды келісу қажеттігін ескере отырып, жұмыс тобының мүшелері қыркүйектің аяғына дейін кезектен тыс отырыс өткізуге уағдаласты.


«Жол картасы» жобасының барлық бөлімдерін талқылауды  үстіміздегі жылғы қазанның ортасында жұмыс тобының кезекті отырысында жалғастыру жоспарланып отыр.​