Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян мен Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековтің кездесуі

ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян мен Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековтің кездесуі

25.01.2020
 

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян 24 қаңтарда Бішкекте (Қырғыз Республикасы) Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті.

Сооронбай Жээнбеков Тигран Саркисянның ЕЭК Алқасының Төрағасы лауазымындағы қызметіне жоғары баға берді және Тигран Саркисянды адал әрі өз ісінің нағыз кәсіби шебері ретінде білетінін атап өтті.

«Сіз ЕЭК-ті күрделі уақытта басқардыңыз және сіздің күш-жігеріңіздің арқасында біздің Одақ қажетті траекторияға көтеріліп, дамып келеді. Көп ретте соның нәтижесінде Армения мен Қырғызстанның ЕАЭО-ға жоспарлы интеграциясы болды және елдеріміздің арасында сауда-экономикалық қатынастар дамып келеді. Сіз өзіңізді нағыз дипломат ретінде көрсеттіңіз. Сіздің парасатыңыз бен ең қиын жағдаятта ымыраға келе білуіңіз – баға жетпес қасиет», деді Сооронбай Жээнбеков.

Тигран Саркисян өз қызметіне жоғары баға бергені үшін, интеграцияны нығайту және тереңдету ісінде қолдағаны үшін, сондай-ақ мемлекеттің сындарлы ұстанымы мен барлық елдердің мүддесі жолында ұлтүсті органның жұмыс істеу тиімділігін арттыруға бағытталған бастамалары үшін Қырғыз Республикасының Президентіне алғысын білдірді.

Сооронбай Жээнбеков Тигран Саркисянды Қырғызстанның мемлекеттік наградасымен наградтап, оған «Данк» медалін табыс етті.

Анықтама

«Данк» медалі (қырғызша - Данк, орысша – Слава (Даңқ)) - Қырғызстанның мемлекеттік наградасы. 1996 жылғы 16 сәуірде белгіленген. «Данк» медалімен азаматтар мемлекеттік қызметтегі, өндірістік, ғылыми-техникалық, шығармашылық, тәрбие, қоғамдық және қайырымдылық қызметтегі елеулі жетістіктері үшін наградталады.