Жүйеге кіру
ЕЭК тамақ өнімдермен өзара саудадағы кедергілерді жоюға бағытталған ЕЭК шешімі жобасының бизнеске әсерін бағалады

ЕЭК тамақ өнімдермен өзара саудадағы кедергілерді жоюға бағытталған ЕЭК шешімі жобасының бизнеске әсерін бағалады

ОРВ1.jpg
25.10.2019

24 қазанда Экономикалық және қаржылық саясат жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Тимур Жақсылықовтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) реттеуші әсерді бағалау (РӘБ) жөніндегі жұмыс тобында ЕЭК Кеңесінің шешім жобасының бизнеске әсерін талдау қорытындылары шығарылды, ол объектілерге бірлесіп тексеру жүргізудің және ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың (өнімдердің) сынамаларын іріктеудің бірыңғай тәртібі туралы ережеге өзгерістер енгізуді қарастырады.

Шешім жобасы өнімдердің ветеринарлық талаптарға сәйкестігіне қатысты ветеринарлық қызметтер мен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы даулардың туындауына әкелетін құқықтық олқылықтарды жоюға бағытталған. Ветеринарлық қызметтердің өзара іс-қимылының бірқатар мәселелері бойынша заңдық нақтылықтың болмауы тәжірибеде Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) басқа мемлекеттеріне өнім жеткізуге тыйым салу түрінде бизнесті жағымсыз салдарға әкеледі.

«Жоба уәкілетті органдардың тиімсіз әкімшілік ынтымақтастығы бизнеске шығын әкелетін мен тауарлармен өзара саудадағы кедергілерді тудыратын жағдайларды жоюға бағытталған, – деді Тимур Жақсылықов. – РӘБ қорытындылары бойынша біз ЕАЭО елдерінің сүт және ет өнімдері нарықтарына қол жетімділік сияқты маңызды мәселелерді реттеудегі олқылықтарды толықтай жоюға мүмкіндік беретін бірқатар ұсыныстар жасадық».

Жұмыс тобы пилоттық жоба аясында жүзеге асырылған екі ЕЭК шешімдерінің нақты әсерін бағалаудың (НӘБ) қорытындыларын да қарады.

Атап айтқанда, ЕАЭО бірыңғай карантиндік фитосанитарлық талаптары туралы ЕЭК Кеңесінің шешіміне НӘБ туралы дәйектеме келісілді. Дәйектемеде құжаттың өзінің нормаларын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар да, сонымен қатар ұлттық деңгейде өсімдіктер карантині саласында қосымша талаптар белгілеудің анықталған жағдайлары туралы ақпарат та қамтылған.

Сонымен қатар, жұмыс тобы ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі туралы декларацияларды тіркеу, тоқтата тұру, жаңарту және қолданысын тоқтату тәртібіне қатысты НӘБ қорытындыларын шығарды.

НӘБ туралы жасалған қорытынды бизнес-қауымдастықтың тіркеу рәсімін жеңілдету туралы ұсыныстарын көрсетті, сонымен қатар ЕАЭО құқығы шеңберінде сәйкестік туралы декларацияның өмірлік циклінің барлық кезеңдерін біріздендіру қажеттілігіне назар аударылды.

Анықтама

РӘБ рәсімі екі кезеңнен тұрады: ағымдық бағалау - Одақ сайтында ЕЭК шешімінің жобасын көпшілік алдында талқылау; қорытынды бағалау - арнайы құрылған ЕЭК жұмыс тобымен РӘБ жайлы қорытынды дайындау.

Қабылданған ЕЭК шешімдерінің НӘБ бойынша пилоттық жоба жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары ЕЭК Алқасының 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 18 өкімімен бекітілген.​