Жүйеге кіру
Тигран Саркисян ТМД Үкіметінің басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Тигран Саркисян ТМД Үкіметінің басшылары кеңесінің отырысына қатысты

25.10.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) Атқарушы комитетінің шақыруы бойынша ТМД Үкіметінің басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Кездесу 25 қазанда Мәскеуде өтті.

Анықтама

2018 жылғы 27 қарашада Минск қаласында ЕЭК пен ТМД Атқарушы комитеті арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету туралы меморандум жасалды. Меморандумға ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян мен ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев қол қойды.​