Жүйеге кіру
ЕАЭО мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім күшіне енді

ЕАЭО мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім күшіне енді

25.10.2019

25 қазанда, бірінші тараптан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы (ҚХР) арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім күшіне енді. Келісімнің барлық тараптары қажетті ратификациялау рәсімдерін аяқтады. Құжатқа 2018 жылғы 17 мамырда Астана экономикалық форумында қол қойылды.

«Бұл маңызды кезең, ол мүше мемлекеттер мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың барлық құрылымын реттейді. Келісім біздің сауда-экономикалық ынтымақтастығымызға көптеген мәселелер бойынша, соның ішінде кедендік ынтымақтастық, саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, сауданы қорғау шаралары, электрондық сауда, зияткерлік меншік мәселелері және т.б. бойынша жоғары сапалы құқықтық негіз жасайды», - деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) сауда министрі Вероника Никишина.

Жеңілдік емес, яғни баждарды азайтуды көздеместен, келісім реттеу жүйесінің ашықтығы деңгейін арттыруға, сауда рәсімдерін жеңілдетуге және кооперативтік байланыстарды дамытуға бағытталған.

«Келісімде бұрын қол жетімді болғанмен салыстырғанда Қытай мен Одақтың санитарлық және фитосанитарлық шаралар (СФС-шаралар) және техникалық реттеу жүйелерінің ашықтығының анағұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізілді. Шын мәнінде, біздің елдеріміз осы салаларда бір-біріне біршама ашық әрі болжалды бола бастады. Кедендік рәсімдер саласында тараптар тез бұзылатын тауарларды жылдам кедендік рәсімдеуді қамтамасыз ете отырып, тауарларды негізсіз кідіртпей шығаруға келісті. Келісімде ЕАЭО мүше мемлекеттерінің экспорттаушыларына зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтауға атысты маңызды кепілдіктер де берілген», - деп мысалдар келтірді Вероника Никишина.

Тұтастай алғанда, келісімде Одаққа қосымша кепілдіктер беретін сауданы реттеу міндеттемелерінің ашықтығын қамтамасыз ету көзделген. Мәселен, Одақтың мүдделі тараптарының қызметіне әсер ететін ҚХР-дың барлық шараларымен еркін форматта танысып, өз пікірлерін беруге болады.

Одан басқа, Одақ, Беларусь Республикасы (Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процесінде тұрған) мен Қытай арасындағы келісім арқылы ДСҰ-ның негізгі қағидаттарын - ең қолайлы режим мен ұлттық режимді орындау үшін құқықтық кепілдіктер жасалады.

Одақ тәжірибесінде алғаш рет келісімге түбегейлі жаңа ережелер де қосылды, оның мақсаты – экономиканың барлық негізгі секторларында Қытаймен салалық ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Салалық диалогтарды құру және бірлескен инвестициялық жобаларды анықтауға және іске асыруға бағытталған нақты іс-шаралар жоспарларын жасау қарастырылған.

«Бұл «дайын жобалардан құрылған» келісім емес. Бұл жаңа жобаларды құру мен дамытуға арналған құжат, ол тек тараптарға ғана пайда әкелмейді, сонымен қатар бүкіл өңірге жағымды әсер етеді», - деп қорытындылады ЕЭК Министрі Вероника Никишина.​