Жүйеге кіру
Сергей Глазьев: «ЕЭК ЕАЭО елдерінде БҰҰ ОДМ іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі жұмысты жалғастырады»

Сергей Глазьев: «ЕЭК ЕАЭО елдерінде БҰҰ ОДМ іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі жұмысты жалғастырады»

25.11.2019
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің БҰҰ Орнықты даму саласындағы мақсаттарға (БҰҰ ОДМ) 2030 жылға дейін қол жеткізуі реттеудің ұлтүстілік шараларының қолданылу алаңындағы экономика секторларында неғұрлым тиімдірек өтеді. Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Одақ мемлекеттерінде БҰҰ ОДМ іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі жұмысты жалғастырады. Ол туралы 22 қарашада Мәскеудегі ЕЭК штаб-пәтерінде өткен халықаралық макроэкономикалық семинардың қорытындылары бойынша ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Сергей Глазьев мәлімдеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия мен Мемлекетаралық банктің бірлескен семинарына қатысушылар әлемдік экономика дамуының бәсеңдеуі және оның жоғары белгісіздік дәрежесі жағдайында Одақ елдерінің БҰҰ ОДМ қол жеткізу перспективаларын талқылады.

«ЕАЭО елдерінің орнықты және сапалы экономикалық өсуін қамтамасыз етудің тиімді шараларын іздестіру Комиссия үшін стратегиялық бағыт болып табылады. Сол уақытта ағымдағы, соның ішінде Одақ шеңберіндегі геосаяси және экономикалық жағдай БҰҰ ОДМ-ға қол жеткізу мүмкіндіктерін шектейді», – деп мәлімдеді семинарды ашу кезінде Сергей Глазьев.

 Мемлекетаралық банктің президенті Игорь Суворов өз кезегінде бұл тақырып тұтастай әлемдік қоғамдастық үшін аса маңызды болып табылады және ол әлемдік жетекші ұйымдардың, билік органдарының, ғылыми және бизнес-қоғамдастықтың назарында болады деп атап өтті.

Семинарға қатысушылар әлемдік экономиканың қалыптасқан конъюнктурасының ерекшеліктерін талқылай келе, даму басымдықтарын орын-орнына қоюдың – әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, құрылымдық реформалар жасау және мемлекеттік бюджеттің тұрақтылығын қолдау арасынан таңдаудың ерекше маңыздылыққа ие болатынын атап өтті.

Бұл ретте ЮНКТАД жаһандану және даму стратегиялары бөлімшесінің басшысы Игорь Паунович атап өткендей, нарықтық капитализм жүйесінің өзі реформалауды, соның ішінде әлемдік экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз ету мүдделерінде қаржылық ағындарды қайта бөлу мақсатымен реформалауды талап етеді. Ол БҰҰ ОДМ қаржыландыру үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің механизмдерін белсенді түрде пайдаланудың қажеттілігін көрсетті.

Сауда соғыстары әлемдік экономиканы орнықты дамыту жолындағы елеулі тәуекелдердің біріне айналды. Халықаралық саудада протекционистік практикаларды қолдану тенденциясы Дүниежүзілік сауда ұйымын құру кезінде мемлекеттердің бейілділігі анықталған ашық кемсітпеушіліксіз көп жақты сауда жүйесі қағидаттарына залал келтіреді. Осы тенденциялардың көп дәрежедегі жағымсыз әсері дамушы елдер азаматтарының әл-ауқатында көрініс табады. БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты елдері үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының сауда, инвестициялар және инновациялар жөніндегі бөлімшесінің басшысы Мия Микич және Дүниежүзілік сауда ұйымының көрсетілетін қызметтермен жасалатын сауда жөніндегі кеңесінің хатшысы Антония Карзаниги тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен жасалатын халықаралық сауданың орнықты дамуға қол жеткізуге әсері туралы баяндады.

Макроэкономикалық саясат департаментінің директоры Тоты Қалиасқарова ЕАЭО үшін БҰҰ-ның орнықты даму саласындағы күн тәртібінің маңыздылығы және ЕЭК-тің осы бағытта жүргізіп отырған жұмысы туралы әңгімеледі. Комиссия ЮНКТАД-пен бірлесіп экономикалық өсімнің инклюзивтілігін бағалау тұжырымдамасы мен әдіснамасын әзірледі. Олар оған қол жеткізу жолдары туралы ұғымды кеңейтуге және реттеуші шараларды ұлттық және ұлтүстілік деңгейде әзірлеуге неғұрлым дәлірек келуге мүмкіндік берді.

«Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, ЕАЭО елдерінің БҰҰ ОДМ-ға қол жеткізуі реттеудің ұлтүстілік шараларының қолданылу алаңындағы экономика секторларында неғұрлым тиімдірек өтеді», – деді ЕЭК өкілі.

Ресейдің Г.В. Плеханов атындағы экономика университетінің әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі Руслан Хасбулатов Одақ елдерінің халықаралық аренада ілгерілету келісілген ортақ позициясын қалыптастырудың және ЕАЭО бірыңғай нарығындағы тосқауылдарды жою жөніндегі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

2030 жылға қарай БҰҰ ОДМ қол жеткізудің тағы бір маңызды шарты елдердің экономикалық өсімнің жаңа модельдеріне бейімделуге дайындығы болып табылады. Экономика жоғары мектебінің Әлемдік экономика департаментінің басшысы Игорь Макаров орнықты дамуды қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда таяудағы 30 жылда айқындаушы болып табылатын факторларды атады.

ЕАЭО дамытудың «Өзіндік күш орталығы» серпінді сценарийін іске асыру үшін осындай факторлар ретінде ұлттық экономикаларды жаңғырту мақсатындағы Одақ елдерінің өнеркәсіптік саясатын толық ауқымда үйлестіру және цифрландыру болуы мүмкін. Осы факторларға ЦМАКП макроэкономикалық процестерді талдау және қысқа мерзімді болжау бағытының басшысы Дмитрий Белоусов және РҒА Экономикалық стратегиялар институтының бас директоры Александр Агеев назар аударды.

Семинарға қатысушылар ЕАЭО мемлекеттерінің БҰҰ ОДМ қол жеткізу мүмкіндігі елеулі дәрежеде біздің елдеріміздің күш-жігерімен, соның ішінде ЕАЭО шеңберінде тәжірибе алмасу және өзара іс-қимыл жасау нысанында айқындалатын болады деген пікірмен келісті.

«ЕЭК Комиссияның ұлтүстілік мүмкіндіктерін пайдалана отырып және «Бір белдеу, бір жол» сияқты жаһандық және өңірлік бастамаларға белсенді түрде қатыса отырып, халықаралық ұйымдармен және интеграциялық бірлестіктермен тығыз ынтымақтастықта ЕАЭО елдерінде БҰҰ ОДМ іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады», – деп қорытындылады Сергей Глазьев.

 Анықтама

Халықаралық макроэкономикалық семинардың мақсаты – әлемдік және өңірлік экономиканы дамытудың барынша өзекті мәселелерін, даму болжамдарын, сондай-ақ ЕАЭО мүше мемлекеттердің интеграциялық ынтымақтастығының перспективалық бағыттарын талқылау. Семинарды Еуразиялық экономикалық комиссия Мемлекетаралық банкпен ынтымақтастықта ұйымдастырады және ол 2014 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі.

Семинарға халықаралық ұйымдардың – Халықаралық валюта қорының, Дүниежүзілік банктің, БҰҰ сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД), БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ), Азия және Тынық мұхиты үшін БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО), Дүниежүзілік сауда ұйымының, Еуропа қайта құру және даму банкінің сарапшылары, сондай-ақ ЕАЭО мүше мемлекеттердің орталық банктерінің, қаржы, экономика министрліктерінің өкілдері, мүдделі дипломатиялық өкілдіктердің, академиялық және бизнес-топтардың басшылары қатысады.